(KZ) Halyk тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 млрд теңге бөледі
(KZ) Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарында болған жаппай су тасқыны салдарынан осы өңірлердегі тұрғындардың үйлері су астында қалды. Бүгінде 12 мыңнан аса адам эвакуацияланып, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілді.