Halyk Bank алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтып берді
Соңғы уақытта елімізде алаяқтық деректері көп тіркеліп жатыр. Алаяқтар ірі компаниялардың ресми сайттарына ұқсайтын жалған сайттарды қолдан жасауды әдетке айналдырды. Халықтың көпшілігі өз банк карталарының деректерін және SMS кодтарды енгізіп жатады, бірақ артынша алаяқтар ол мәліметтерді Apple Pay, Samsung Payнемесе Google Pay-ге тіркеп алады. Содан клиенттің картасынан түрлі терминалдан ақша шешіле бастайды. Осындай жағдайлардың көбеюіне байланысты Halyk Bank өкілдеріалаяқтардан қалай қорғану керегі туралы айтуды жөн көрді.
Банк өкілдері ақшаңыз бен деректеріңіздіқорғау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауғакеңес береді:
Сондай-ақ, Halyk өкілдері мұндай алаяқтықәрекеттер 190-бап («Алаяқтық»), 195-бап («Алдаунемесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиянкелтіру») және 247-бап («Заңсыз сыйақы алу»)бойынша тиісті жазалармен қылмыстықжауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Halyk әрқашан алаяқтықпен күресудің жолдарын жүзеге асыра отырып, барлық қажетті күштердісалып жатыр. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтуге болады – https://halykbank.kz/security. Сондай-ақ, шотыңызда күдікті әрекет байқалған жағдайда 7111нөмірі бойынша банктің колл-орталығынахабарласуыңызды сұраймыз.