Шымкентте өтіп жатқан қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті
24–26 қараша күндері Шымкент қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің барлық өңірінен жиналған мықты балуандар бозкілемде бақ сынап, өзара шеберліктерін ортаға салуда.
Жарыстың екінші күнінде Абай облысының спортшылары жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Олар бірнеше салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға ие болып, өңір намысын абыроймен қорғады.
Атап айтқанда:
Мансұр Әлшеков 82 кг салмақ дәрежесінде 1-орын; Зарина Сарипова 60 кг салмақта 2- орын; Әділханова Ботакөз 56 келі салмақта 3-орынға тұрақтады. Жеңімпаздарымызды жүлделерімен құттықтаймыз!