Абай облысының ардагері Азия чемпионы атанды
Қарағанды қаласында ардагер спорт шеберлері арасында күрестің үш түрінен Азия кубогы өтті. Дүбірлі дода ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Боз кілем үстіндегі тартысты бәсекеде Абай облысының намысын қорғаған Айтқазин Дәуренбек қазақ күресінен қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Сонымен қатар, ол дзюдо және самбо күресінен де жоғары шеберлік танытып, екі бірдей күміс медальді қанжығасына байлады.