Мәдениет

Нұршат Сағадиеваның «Күзгі әуен» шығармашылық кеші өтті

Нұршат Сағадиеваның «Күзгі әуен» шығармашылық кеші өтті

Ә. Қашаубаев атындағы филармонияда қобызшы Нұршат Сағадиеваның «Күзгі әуен» шығармашылық кеші өтті. Ән мен күй тоғысқан тағылымды кешке «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Айдар Садырбаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбай, өнер саласының ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Нұршат Сағадиева өнер жолына 35 жыл ғұмырын арнаған. 1994 жылы Семей облыстық Ә. Қашаубаев атындағы филармонияда әртіс болып еңбек жолын бастаған ол, содан бері ұлттық өнерді дәріптеп, талай тыңдарманның жүрегінен орын алып келеді.

Өнер иесі үшін қобыз — қазақ халқының көне аспабы ғана емес, ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Сол себепті Нұршат Сағадиева оны насихаттауды өзіне рухани парыз санайды.

Кеш барысында Нұршат Сағадиеваға облыс әкімі Берік Уәлидің Алғыс хаты мен қала әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.