Семейде қол күрестен қалалық чемпионат өтті

27–28 қыркүйек күндері Семей қаласында қол күрестен қалалық чемпионат ұйымдастырылды. Жарыс сол жағалаудағы көпір асты кеңістігінде екі күн бойы қызу тартысқа толы өтті.
Бәсекеге 20 салмақ дәрежесі бойынша 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара күш сынасты. Чемпионат барысында жас спортшылар тәжірибе жинақтап, өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Семей қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімінің Алғыс хаттары, медальдарымен марапатталды.