Семей қаласында UWW грэпплинг (ги және ноу-ги) бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы қаланың ашық чемпионаты өтті.
2025 жылғы 1-2 қараша күндері Семей қаласында UWW грэпплинг (ги және ноу-ги) бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы қаланың ашық чемпионаты өтті.
Аталған жарыс атлеттік жекпе-жек бойынша Бүкіләлемдік күрес қауымдастығының (UWW) ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды.
Чемпионатта 35 салмақ дәрежесі бойынша 120-ға жуық спортшы өзара бақ сынасты. Жарысқа Өскемен қаласынан 3 жекпе-жек клубы, Курчатов қаласынан 1 клуб және Семей қаласынан 10 жекпе-жек клубы қатысты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.