Абай облысында І облыстық «Сөз дода» байқауы өтті

«Ділмар» шешендік сайысы жобасы аясында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Ақтамберді жыраудың 350 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы шеңберінде І облыстық «Сөз дода» шешендік өнер байқауы өтті.
Шараның мақсаты жас ұрпаққа сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерте отырып, Ақтамберді жырау мен Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұраларын кең көлемде насихаттау болып табылады.
Байқауға Абай облысының қалалары мен аудандарындағы іріктеу кезеңінен өткен 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер «Дода», «Кесімді сөз», «Сұрақ-жауап», «Ой-таразы» сынды 4 кезең бойынша сынға түсіп, сөз шеберліктерін тантты.
блыстық байқау басқарма басшысының орынбасары О.А. Соғымбайдың құттықтау сөзімен ашылып, жас шешендердің байқауына ұласты.
Білім мен ақыл-парасат сынға түскен сайыста қазылар алқасының шешімімен:
І орынды К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Айдынқызы Ұлпан (жүлде қоры 100 000 теңге);
ІІ орынды Үржар ауданының Көлденең орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Омар Сезім (жүлде қоры 80 000 теңге);
ІІІ орынды Жарма ауданының Бірлік орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Қанат Қадиша (жүлде қоры 50 000 теңге) иеленсе. Мақаншы ауданының Науалы орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Мұхаметкәрім Нұрасыл байқаудың арнайы жүлдесімен (жүлде қоры 40 000 теңге) марапатталды.
Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушылар басқарма басшысының дипломдарымен, алғысхаттарымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.