Ормуз бұғазының жабылу қаупі: мұнай бағасы өсті

Әлемдік мұнай бағасы өсе бастады. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 78 доллардан асты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағ фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 09:45-те 1,83 пайызға өсіп, барреліне 78,42 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны 1,88 пайызға өсіп, барреліне 75,23 доллар болды.
Негізгі себептері
Мұнай бағасы АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққылары фонында өсіп жатыр. Бұл – әлемдік мұнай мен табиғи газ саудасының 25–30 пайызы өтетін Ормуз бұғазының жабылу қаупіне алып келді.