Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.