«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» мерейтойлық іс-шараның салтанатты ашылуы өтті

«Арена» мәдени-спорт кешенінде «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» мерейтойлық іс-шараның салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова және өңірімізден шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, спорт, өнер жұлдыздары мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділмановтың Абай бейнесін сомдаған театрландырылған қойылыммен басталды. Одан әрі мерекелік концертке ұласты.
5 мыңға жуық көрермен тамашалаған концертте қазақтың өнер майталмандары Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Гүлмира Сарина, Ерлан Рысқали, Ұшқын Жамалбек өнер көрсетті.