Семей жаңалықтары

Полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алуда

Полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алуда

Биылғы жаңа жылды полиция қызметкерлері жылдағыдай жұмыста өткізді, бұл үйреншікті көрініске айналды. Осы түні Абай облысында 500 тәртіп сақшысы түнгі ауысымға түсті.

Түнгі мерекелік ауысымда жұмыс істеу күнделікті ауысымнан еш айырмашылығы жоқ. Әдеттегідей, жедел жағдай туралы мәліметтер жиналады, патрульдер мен нарядтарға бақылау жасалады және олардың әрекеттері түзетіледі.

– Полиция қызметкерлері тұрғындардың сүйікті жаңа жылдық мерекесі келеңсіз жағдайсыз қауіпсіз жағдайда өтуі үшін тәулік бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Әр үйде шаттық, жайлылық пен жылулық орнасын, жаңа жылда тілеген армандарыңыз орындала берсін, – деді облыстық ПД кезекші бөлімдері бойынша штаб басшысының орынбасары Жанат Мұқанов.