Мұнай бағасы құлдырады: Brent 70 доллардан төмен түсті

Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 70 доллардан төмен түсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны 9,72 пайызға төмендеп, бір баррель үшін 66,66 доллар болды.
Негізгі себептері
Мұнай бағасы Иранның Катардағы АҚШ әскери базасына зымыран соққысы фонында одан әрі төмендеді. Нарықтар бұл соққыларды деэскалацияға бағытталған қадам ретінде қабылдады, себебі Тегеран стратегиялық маңызды Ормуз бұғазына шабуыл жасаған жоқ. Трамптың Израиль мен Иран арасындағы атысты тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы одан әрі құлдырады