“Агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа технологиялар мен кооперация-ауыл дамуының кілті”, Биогумус өнімі турасында дәріс-жиыны өтті
2025 жылдың 5 желтоқсан күні «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен Шәкәрім университетінің «Агро-факультетінің» ғимаратында Ауыл шаруашылығы саласының ұстаздары мен студенттері қатысқан «Агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа технологиялар мен кооперация – ауыл дамуының кілті», Биогумус өнімі турасында дәріс-жиынында атты дәріс-жиынында бас қосты. Жиынның мақсаты – ауыл шаруашылығын заманауи технологиялар арқылы дамыту, кооперацияны кеңейту және ауыл экономикасын нығайту.
Кездесу барысында, партия өкілі Е.Омарғалиев пен А.Жакупова студенттерге «Ауыл» партиясының жобалары жайында ақпаратпен бөлісіп, жастарды қолдау бағытындағы шараларды тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Биогумус – тыңайтқыш өнімі, аграрлық сектордағы инновациялар, цифрлық жүйелер, су үнемдеу технологиялары, егіншілік пен мал шаруашылығындағы заманауи жабдықтар, агрономия ғылымының жаңалықтары туралы дәрістеме өткізіліп, талқылау жүргізілді.
Дәрісте, жалпы, қазіргі күнде, кооперацияның фермерлерді біріктіріп, өнім көлемін арттыруға, нарыққа қолжетімділікті жақсартуға және шығынды азайтуға мүмкіндік беретіні жөнінде айтылып өтті.
Онда сөз алған спикер-ұстаздар: Ахметова Балнур Сериковна – «Ауыл шаруашылығы кафедрасының» меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғ.к., сонымен бірге Мухаметжанова Орынгүл Токтабековна – Ауыл шаруашылығы ғ. м., Аға оқытушысы.
Агроөнеркәсіп саласында жаңа технологияларды қолдану – өнім сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге жол ашпақ. Кооперация – шағын шаруашылықтарды қолдап, ауыл тұрғындарының табысын арттырудың тиімді тетігі екендігі түсіндірілді.
Дәріске «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Агрономия», «Орман ресурстары және аңшылықтану» сияқты Білім бағдарламаларының студенттері қатысты.
Сұрақ-жауап мезетінде «Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі» жастарының белсенділігі олардың жеке пайымдарынан аңғарылды.
Жиын соңында, ұстаздар, жастар қауымы біріккен фотосуретке түсіп, «Ауыл» партиясының ұранын топпен бірге айтып, дәрісті қорытындылады.