“Ұлттық қор – балаларға“: әр бала қанша ақша алды?

Қаржы министрі Мәди Тәкиев “Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында әр қазақстандық балаға қанша қаражат аударылғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша екі жыл ішінде шамамен 7 миллион баланың әрқайсына 233 доллардан аударылды”, – деді министр.
2024 жылы ЖІӨ 4,8 пайызға өсті. Негізінен өсім мұнайға қатысы жоқ сектор есебінен қамтамасыз етілді. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 6 пайызға артқан.
Былтыр біріктірілген бюджеттегі мұнайға қатысы жоқ кірістердің үлесі 2,5 пайыздық тармаққа өсті.
Тәкиевтің айтуынша, инфляция 9,8 пайыздан 8,6 пайызға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 2,7 пайызы болды. Мемлекеттік қарыз 31,8 триллион теңгеге жетіп, ЖІӨ-нің 23,7 пайызына тең болды.