Жазғы аптап: мұндай ауа райында не істеуге болмайды?

Тәжірибелі қазақстандық құтқарушы Бақыт Данабеков аптап ыстықта пайдалы болатын кеңестеріін бөлісті, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Ең ыстық уақытта көшеге шықпаңыз
“Тікелей күн сәулесінің астында ұзақ жүрмеңіз. Әсіресе сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін – бұл уақытта күннің белсенділігі ең жоғары және қауіпті”, – деп ескертті Бақыт Данабеков.
Бас киімді елемеуге болмайды
Онсыз күн өтудің қаупі жоғары. Кең жиекті бас киім немесе жеңіл кепка – өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз.
“Бас киім мен күннен қорғайтын көзілдіріктерді ұмытпаңыз. Бұл тек қызып кетуден ғана емес, терінің күйіп қалуынан және көздің тор қабығының зақымдануынан қорғайды”, – деді құтқарушы.
Балалар мен жануарларды көлікте қалдырмаңыз
Тіпті бірнеше минутқа болса да. Бұл қарапайым ереже қайғылы жағдайдың алдын алады.
“Балалар мен жануарларды жабық көлікте ешқашан қалдырмаңыз. Тіпті қысқа уақытқа болса да – бұл өлімге әкелуі мүмкін”, – деді ол.
Ең ыстық уақытта далада спортпен айналыспаңыз
Физикалық белсенділікті таңертең немесе кешке, күннің ыстығы қайтқанда өткізген жөн. Бұл серуендеуге де қатысты.
“Дене жүктемесін кейінге қалдырыңыз. Ауыр жұмыс пен спортты таңғы немесе кешкі уақытқа ауыстырған дұрыс”, – деп кеңес берді Бақыт Данабеков.
Су балансын қадағалауды ұмытпаңыз
Бұл – ыстық ауа райында сақталуы тиіс ең маңызды ережелердің бірі. Шөлдемесеңіз де, суды үнемі ішіп отырыңыз. Газды тәтті сусындар мен кофеден гөрі таза ауыз суға басымдық беріңіз.
“Мұздай судан аулақ болыңыз. Салқындатылған, бірақ өте суық емес суды ішіңіз. Суық алкогольден де сақ болыңыз. Ол салқындық сезімін беріп, шын мәнінде ағзаны одан әрі сусыздандырады”, – деді құтқарушы.
Көлігіңіздің жағдайын қадағалауды ұмытпаңыз
Жазда көлік жүргізгенде ерекше мұқият болу керек, дейді маман.
“Қозғалтқыштың қызып кетуі, техникалық сұйықтықтардың ағып кетуі немесе күдікті иістер – бұл көлікке шұғыл тексеріс жүргізуге себеп”, – деді ол.
Дәрігерлердің кеңестерін ескеріңіз
Сарапшының айтуынша, созылмалы аурулары бар адамдар (гипертония, жүрек-қантамыр аурулары, аллергия) мұндай ауа райында дәрігердің нұсқауын қатаң сақтауы керек.
Сондай-ақ, ол 112 қызметінің хабарламаларын елемеуге және ауа райына сай киінуге кеңес берді.