Семей жаңалықтары

Шекарасыз полиция: Семейде Ашық есік күні өтті

Шекарасыз полиция: Семейде Ашық есік күні өтті

2025 жылғы 24 маусымда Абай облысының Полиция департаментінде республикалық «Заң мен тәртіп» акциясы аясында кең ауқымды Ашық есік күні өтті

Бұл іс-шараның мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шараға келген ересектер мен балалар бүгінгі заманғы полицияның қызметімен жақын танысып, өздерін нақты қызметтік жағдайда сынап көру мүмкіндігіне ие болды.

Қонақтарға не ұсынылды?

  • криминалистика бойынша шеберлік сабақтары мен кәсіби бағдар кездесулері – әрбір адам өзін тергеуші немесе сарапшы ретінде елестете алды;
  • өз-өзін қорғау мен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша интерактивті жаттығулар; арнайы техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерінен құралған көрме;
  • полиция қызметкерлерінің қолынан шыққан сурет көрмесі – тәртіп сақшыларының шығармашылық қыры көрсетілді;
  • көпшіліктің көңілінен шыққан қызметтік иттердің көрсетілімдері;
  • өңір қауіпсіздігінің цифрлық орталығы – Оперативтік басқару орталығына экскурсия: бейнебақылау жүйесімен, «102» мобильді қосымшасымен және тұрғындардан келіп түсетін қоңырауларды қабылдау үдерісімен танысу.