Семей жаңалықтары

Семейде ​ әскерилер ​ Аяз атаға айналып, ​ балаларға сыйлықтар үлестірді Все права защищены.

Семейде ​ әскерилер ​ Аяз атаға айналып, ​ балаларға сыйлықтар үлестірді  Все права защищены.

Ұлттық ұланның ​ «Шығыс» өңірлік​ қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімі​ жаңа жыл қарсаңында​ балаларға​ базарлық жасады.​ Аталған бөлім ​ көпбалалы әскери қызметшілердің отбасылары мен күтімді қажет ететін балалардың шаңырағына барып, оларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Аяз ата мен Ақшақар балаларға тәттіге толы сыйлықтарын үлестірді, – деп хабарлайды Semeynews.kz. ​ ​ ​ ​

Мереке қарсаңында әр баланың өзін ерекше сезінуі және ертегіге сенуі өте маңызды. Біз үшін ең үлкен сыйлық — бақытты бала көздері және олардың қуанышқа толы шын күлкісі. Игі істер балалардың жүрегінде от жағып, жаңа жылдық сиқырдың бұл сәттері олардың жадында сақталады – дейді 5511 бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары, полковник Берік Қуанышбаев.

Семейдегі әскери бөлім қайырымдылық іс-шараларын​ ұдайы өткізеді. Бөлім тарапынан ​ келген құттықтау тілектері мен сыйлықтарға қарық болған көпбалалы отбасылар мен күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары әскери қызметшілерге өз ризашылығын білдіріп.

Ұлттық ұлан қатарында жүріп, ел​ қорғаудағы істеріне сәттілік тіледі. Ұлттық ұлан ​ тарапынан таратылған таңғажайып ​ сыйлықтарға алғысымыз шексіз. Балақайларға жасалған базарлық барша әулетімізді шаттыққа бөледі.​ Жаңа жылда ​ – жақсы сөз айтып, бір-бірімізге ақ тілек ақтаратын​ мезгіл. Осы орайда ​ баршаға жаңа бақыт тілеймін,​ – деді көпбалалы ана Айгүл Қасенова.

Адам ретінде қалыптасқан әрбір ересектің​ бұлжымас​ парызы – балаларды бақытты ету, оларға махаббат сыйлау деп санайды әскери қызметшілер. Сондықтан кейінгі буынға деген ізгі құрметті​ алдағы уақытта да жүзеге асырмақ.