«Дариға-ай» жастар театры халықаралық фестивальде бас жүлдеге ие болды

12–16 қыркүйек аралығында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында өткен Ж.Хаджиев атындағы IV Халықаралық театр фестивалінде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Абай атындағы театрдың құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры жоғары нәтиже көрсетті.
Театр ұжымы «Бас жүлде» және «Үздік спектакль» номинацияларын иеленді.