“Алакөлге саяхат“: пойызбен қалай жетуге болады?

Алакөлдің көрікті курортына пойызбен бару – асықпай саяхаттауды жөн көретіндер үшін тамаша нұсқа. Tengritravel.kz тілшісі Алакөлге пойызбен қалай жетуге болатынын баяндайды.
Ұлттық тасымалдаушы танымал туристік бағыттарға 12 қосымша пойыз қосқан. Жалпы Алакөл көліне 13 маршрут қатынайды – Астана, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Семей және Өскеменнен. Соның ішінде 11 бағытқа ұлттық тасымалдаушы, ал екеуіне жеке компаниялар қызмет көрсетеді. Тоғыз бағыт жаз мезгіліне арнайы іске қосылған. Ұлттық тасымалдаушы Алакөл бағыты бойынша жүретін пойыздардың барлық вагоны кондиционер жүйесімен жабдықталғанына уәде етті.

- № 207/208 Алматы-2 – Жаланашкөл (аптасына 2 рет);
- № 221/222 Алматы-2 – Достық (аптасына 3 рет);
- № 211/212 Алматы-2 – Достық (маусым-шілдеде тақ күндері, тамызда жұп күндері);
- № 337/338 Алматы-2 – Достық (аптасына 3 рет);
- № 21/6941/6942/22 Алматы-1 – Достық (жұп күндері).
Астана – Алакөл:
- № 54/53 Нұрлы жол – Достық (аптасына 2 рет);
- № 254/253 Нұрлы жол – Достық (аптасына 2 рет);
- № 122/6942/6941/121 Нұрлы жол – Семей (жұп күндері).
Басқа маршруттар:
- № 31/6942/6941/32 Павлодар – Достық (жұп күндері);
- № 21/6942/6941/22 Қызылорда – Достық (тақ күндері);
- № 457/458 Семей – Достық (тақ күндері);
- № 459/460 Өскемен – Достық (тақ күндері);
- № 6941/6942 Ақтоғай – Достық (күн сайын).
Ұлттық тасымалдаушының 2024 жылғы деректеріне сәйкес, Алакөл бағыты бойынша теміржол көлігімен 236 мың жолаушы тасымалданған. Биыл бұл көрсеткіш 240 мыңға жетеді деп күтіледі. 2022 жылдан бері бұл бағыттағы жолаушылар саны 90 пайызға артқан.
Жолаушыларға билеттерді алдын ала сатып алып, бағыттың ерекшеліктерін ескеруге кеңес беріледі.