Спорт

Абай облысының спортшылары Ұлан-Батырда өткен Орталық Азия чемпионатында жүлделі оралды

Абай облысының спортшылары Ұлан-Батырда өткен Орталық Азия чемпионатында жүлделі оралды

2025 жылғы 27–28 қыркүйек күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында каратэ Шинкиокушинкайдан жасөспірімдер, жастар, ересектер және әйелдер арасында Орталық Азия чемпионаты өтті.

Абай облысының спортшылары байрақты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Чемпионат қорытындысы бойынша келесі спортшылар жүлделі орындарды иеленді:

Аубакир Адэль — алтын медаль
Қизатов Алинұр — күміс медаль
Мэлс Ерасыл — күміс медаль

Аталған нәтижелер – спортшылардың қажырлы еңбегінің, бапкерлердің үздіксіз дайындығының және облыс спортының даму деңгейінің көрсеткіші. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!