Абай облысында «Дәстүрлі өнерге құрмет – ұрпаққа аманат!» атты шеберлік сағаты өтті

Бүгін Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қалалық мәдениет сарайында «Дәстүрлі өнерге құрмет – ұрпаққа аманат!» атты шеберлік сағаты өтті.
Іс-шараға Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев пен белгілі дәстүрлі әнші Жасұлан Қоңыров қатысып, жас орындаушылармен тәжірибе бөлісті. Шара барысында қатысушылардың дәстүрлі ән айту шеберлігін арттыру, өнер саласындағы білім мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ халық арасында ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру мақсаты жүзеге асырылды.
Нәтижесінде, қатысушылардың кәсіби деңгейі көтеріліп, атақты өнер қайраткерлерімен кездесулер дәстүрге айналып, жас өнерпаздарға жаңа серпін берілді.