Абай облысында «Аяулы жас келін – 2025» облыстық байқауы өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Аяулы жас келін – 2025» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.
Бұл байқау – ұлттық салт-дәстүрді, келін тәрбиесінің қадір-қасиетін ұлықтай отырып, жас отбасылардың рухани және мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған тағылымды шара болды.
Абай облысына қарасты барлық аудан-қалалардан қатысқан келіндер өз өнерін, тәрбиесін, инабаттылығын ортаға салып, көрерменге үлгі бола білді.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар:
Ахметова Әсел Ерланқызы – Абай ауданы;
Акимова Күмісхан Мұхаметқанқызы – Бесқарағай ауданы;
Сәкенова Нұрдана Нұрланқызы – Үржар ауданы;