Мәдениет

«Ұлы дала» облыстық әдеби байқауының марапаттау салтанаты

«Ұлы дала» облыстық әдеби байқауының марапаттау салтанаты

Бүгін Арбат алаңында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала» облыстық әдеби-шығармашылық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Бұл рухани мереке «AMANAT» партиясының бастамасымен, сондай-ақ Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Айдар Садырбаев сөз сөйлеп, жас қаламгерлерге шығармашылық табыс тілеп, Абай аманатын дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбай, драматург, жазушы Қуат Қиықбай да сәттілік тіледі.

Байқау барысында өңіріміздің жас қаламгерлері поэзия, проза және балаларға арналған шығарма бағыттарында бақ сынап, әдебиетке деген шынайы махаббатын, сөз өнеріне деген құштарлығын паш етіп, жас дарындар лайықты марапаттарына ие болды.

Поэзия бағыты бойынша бірінші орынды – Жақсылық Асқарбеков, екінші орынды – Азамат Оразғалиев, үшінші орынды – Мереке Әлмұратов иеленіп, жеңімпаз атанды.

Ал проза бағыты бойынша бірінші орынды – Ақжол Қадырбекұлы, екінші орынды – Санжар Тұралы, үшінші орын – Ақнұр Жумадилова иеленсе, балаларға арналған шығарма бағыты бойынша жеңімпаздар да анықталды. Бірінші орын – Қуат Айтқали, екінші орын – Бекарыс Секенов, үшінші орын – Лязат Баяхметоваға табыс етілді.

Ал Медет Демежанов «Абай аманаты» арнайы жүлдесімен марапатталды. Абай елінің жас ақын-жазушылары алдағы республикалық кезеңге жолдама алып, әдебиет пен руханият мерекесі “Ашық микрофон” жобасымен жалғасты.