Қытай көлігін сатып алуды жоспарлап жүрсіз бе? Ендеше мына ақпаратты оқыңыз!
Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын белсенді түрде жаулап келеді. 2024 жылы елімізге 63 450 көлік әкелінсе, соның 40 пайызына жуығы – қытайлық көліктер. ҚХР-дан шыққан брендтер өз позицияларын нықтап, көлік жолдарында көзге жиі түседі.
Жоба нені қамтиды:
Брендтер галактикасы: Әр автоконцерн – жеке бір ғалам. Онда суббрендтер, модельдер мен иерархиялық жүйелер түсінікті тілмен көрсетілген. Chery, Geely, GWM, FAW, Changan және басқа да атаулардың артында кім тұрғанын білесіз.
Қысқа әрі нақты деректер: Әр брендтің шығу тарихы, басты ерекшелігі және неге мұнша көп екендігі туралы – артық ақпаратсыз, тек маңызды мәліметтер беріледі.
Атауын дұрыс айта білейік: Бренд атауларын қалай дұрыс айту керегін арнайы аудио жазбалар арқылы естіп, оңай меңгере аласыз. “Джили” дейміз бе, әлде “Гили” ме – бұл сұраққа енді нақты жауап бар.
Жуырда жобадағы жаңалықтар:
Модельдің жеке картасы: Әр көлік үлгісі бойынша техникалық сипаттамалар, иелерінің пікірлері мен сарапшылардың бағасы ұсынылады.
Көліктер рейтингі: Бұл рейтинг жарнаманың жетегіне емес, нақты жүргізушілердің шынайы пікіріне негізделген. Сондықтан көлік таңдауда қателеспей, саналы шешім қабылдауға көмектеседі.
Ең соңғы жаңалықтар – бір жерден: Қазақстанда жұмыс істейтін қытай автокомпанияларына қатысты ең өзекті жаңалықтар мен жаңартулардан үнемі хабардар болып отырасыз.