Өмір

Қала тазалығы – өз қолымызда

Қала тазалығы – өз қолымызда

Бүгінде Семей қаласында қоқыс қалдықтарын шығару, заңсыз қоқыс алаңдарын жою бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Дегенмен, өкінішке қарай, кейбір кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан тазалық талаптары сақталмай отыр. Жеке үй аумағынан тұрмыстық қалдықтар, сынған жиһаз, құрылыс материалдарының қалдықтарын жол бойына шығарып тастау – қалыпты жағдайға айналып барады.

Бұл мәселе – тек жергілікті биліктің ғана емес, барша тұрғындардың ортақ міндеті екенін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан әр тұрғынды, әр кәсіпкерді тазалықты сақтауға, қоқысты арнайы орындарға шығаруға, заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

Семей – біздің ортақ үйіміз!