Қазақстан жаңалықтары

ҰҚК жаңа қызмет туралы мәлімдеме жасады

ҰҚК жаңа қызмет туралы мәлімдеме жасады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа ведомствоға қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство – “ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі”.

“Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады”, – делінген хабарламада.