Қазақстандық гимнаст Акмарал Ерекешева әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті

Софияда (Болгария) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы жекелей жарыстардың финалдық кезеңінде қазақстандық Ақмарал Ерекешева жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Оның еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар. Алдымен Ерекешева доппен орындалған жаттығуда үздік атанды. Кейін таспамен өткен финалда да жеңіске жетті”, – делінген хабарламада.
Ал шығыршықпен орындалатын жаттығуда ол екінші орынға ие болды.
Еске салайық, Ақмарал Ерекешева – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі.