Спорт

Исахан Аяна — тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атанды

Исахан Аяна — тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атанды

2025 жылдың 22–28 қараша аралығында Алматы қаласында тоғызқұмалақтан әйелдер арасында Азия чемпионаты өтті.

Атаулы додада Абай облысының спортшысы Исахан Аяна топ жарып, тоғызқұмалақтың классика түрінен жеңімпаз атанды.

Бұл жетістік – спортшымыздың жоғары деңгейдегі дайындығының, қажырлы еңбегі мен табандылығының жемісі.

Абай облысының намысын лайықты қорғаған Аяна Исаханды зор жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!