Семей жаңалықтары

«Семей – достық мекені» этнос өкілдерінің фестивалі өтті

«Семей – достық мекені» этнос өкілдерінің фестивалі өтті

Қала күні мерекесіне орай Семейде түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Семей – достық мекені» атты өнер фестивалі ұйымдастырылды. Шараға қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, өздерінің ұлттық әуендері мен билерін орындады.

Фестиваль сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, Мәдениет саласының үздігі, «Парасат» орденінің иегері Гүлдана Ноғайбаева және халықтық ансамбльдер өнер көрсетті. Олар көрермендерге ұлттық әуендерден бастап заманауи композицияларға дейін әсем бағдарламасын ұсынды.

Бұл мереке қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани сыйлық болып, достық пен бірліктің, мәдениеттер арасындағы татулықтың жарқын көрінісіне айналды