Спорт

Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінің күміс жүлдегері атанды

Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін Астанада қазақ күресінен дәстүрлі «Қазақстан Барысы-2025» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы додада еліміздің барлық өңірінен келген ең мықты балуандар бақ сынасты.

Абай облысының намысын қорғаған Ерасыл Қажыбаев жарыс барысында жоғары дайындығы мен шеберлігін көрсетіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, тек финалдық белдесуде есе жіберді. Осылайша ол дүбірлі доданың күміс жүлдегері атанды.

Ұлттық күрестің еліміздегі ең мәртебелі сайысын осыған дейін жерлестеріміз Айбек Нұғымаров екі мәрте иеленсе, Мұхит Тұрсынов пен Дәурен Нұралинов жеңімпаз атанған. Шалқар Жоламанов пен Саят Шәмшиев бірнеше мәрте жүлделі орыннан көрінген болатын.