«Туған қалам – Семейім»: қала күніне арналған ұмытылмас концерт

Қала күніне орай Орталық алаңда ерекше мерекелік атмосфера орнады. Ашық аспан астында өткен «Туған қалам – Семейім» атты салтанатты концертке мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, қуанышты сәттерді бірге бөлісті.
Кеш жүргізушілері – Дәулет Бижанов пен Қырмызы Жандос көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің шырайын кіргізді.
Сахна төрінде еліміздің эстрада жұлдыздары – Ғазизхан Шекербеков, Melomen тобы, KeshYOU тобы, Ермек Меденов, Daro және Нұрмұхаммед Жақып өнер көрсетіп, әсем әндерімен 40 мыңға жуық көрерменге шаттық сыйлады.
Музыка, би, өнердің әсем үйлесімі қала күні мерекесінің сәнін келтірді. Әншілердің әрбір орындауы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, алаңда ерекше бірліктің рухы сезілді.
Концертпен қатар қала тұрғындары үшін спорттық жарыстар, әлеуметтік бастамалар мен кәсіпкерлік көрмелер ұйымдастырылып, Семейдің дамуы мен бірлігін паш етті.
Бұл кеш – Семейдің рухы, тарихы мен болашағына деген зор құрметтің жарқын айғағы болды.