Спорт – Semeinews.kz – главные новости города Семей, Казахстана и мира

Абай облысында бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде 14-21 қазан аралығында өтетін бокс біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысуда.

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі, жүлделер World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынады. Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік спортшылар ұлттық құраманың сапына іріктеліп, алдағы халықаралық және әлемдік жарыстарда Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Атап өтерлігі, Қазақстан чемпионатына алты бірдей әлем чемпионы, Азия біріншілігі және Олимпиада жүлдегерлері қатысып жатыр. Олардың қатарында ересектер арасындағы әлем чемпиондары Теміртас Жүсіпов (50 келі) пен Сәкен Бибосынов (55 келі), сондай-ақ жастар арасындағы әлем чемпиондары Бексұлтан Боранбек (55 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Санжар-Али Бегалиев (80 келі) және Өнер Сейілхан (85 келі) бар.

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов және елімізге танымал спортшылар қатысты.

Сайыстың ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы чемпионаттың маңызына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Боксты ұлттық спорт деңгейіне көтеруіміз керек» деп атап өткен болатын. Шынында да, бокс – халқымыздың рухын, табандылығын және ел намысын қорғау жолындағы ерлігін айғақтайтын нағыз спорт түрі. Біздің Абай елінде, Семей қаласында соңғы рет бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 1996 жылы өткен екен. Яғни 29 жылдан кейін осындай чемпионат біздің Семей қаласына қайта оралды. Бұл аймақтың спорттық әлеуетін арттырып, бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына тың серпін беретініне сенеміз», – деді облыс әкімі.

Абай облысында спортты, соның ішінде боксты дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде өңір спортшылары халықаралық аренада жарқын жетістіктерге жетіп келеді. Шри-Ланкада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз Жанель Имантаева мен Ақнұр Тұрсынғали өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

2025 жылы Абай облысының 451 спортшысы ұлттық құрамаға енді. Жыл басынан бері спортшыларымыз республикалық жарыстарда 1232 медаль (376 алтын, 337 күміс, 519 қола), халықаралық жарыстарда 182 медаль (56 алтын, 51 күміс, 75 қола) жеңіп алды.

Облыста спорт инфрақұрылымы да қарқынды дамуда. Президенттің қолдауымен бастау алған «Абайға құрмет» акциясы аясында алдағы үш жылда Семей қаласында заманауи спорттық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылады.

Атап айтсақ, «KAZ Minerals» компаниясымен жасалған меморандум аясында 25 мың көрерменге арналған стадион салынады. Абайдың 180 жылдығына сыйлық ретінде Павлодар облысы Үстел теннисі орталығын, Ақтөбе облысы Жекпе-жек сарайын салып бермек. Сонымен қатар, Абай облысы әкімдігі мен «Самұрық қазынаның» ынтымақтастығы негізінде Семей қаласында Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Абай облысының 13 жастағы оқушысы қамшының 15 түрін өреді
Абай облысы Аягөз ауданындағы №5 мектептің 7-сынып оқушысы Әлихан Салихан ұлттық қолөнерге ерекше қызығушылық танытып, қамшы өрудің 15 түрін меңгерген.

Қатарластары гаджетке үңіліп отырған заманда Әлихан ата-баба мұрасын жаңғыртып, қамшы өрудің күрделі техникасын өз бетімен үйренген. Бүгінде ол дойыр, өрме, сегіз өрім, тобылғы сапты, шынжыр баулы, алақанды және сәндік қамшы түрлерін жасай алады.

— «Қамшы — жай ғана бұйым емес, бұл — тарих, тәрбие және рух. Әр өрімді жасаған сайын ата-бабаларымыздың өмір салтын, батырлық болмысын көз алдыма елестетемін», — дейді жас шебер.

Әлихан бұл өнерге бала күнінен әкесінің ісіне қызығып бет бұрған. Қазір ол тек қамшы өрумен шектелмей, оның шығу тарихы мен аймақтық ерекшеліктерін зерттеп, дәстүрлі тәсілдерді қазіргі заманға бейімдеп қайта жасайды.

— «Мақсатым – қамшы өру өнерін меңгеріп қана қоймай, өз тәжірибем арқылы замандастарыма үлгі болу, ұлттық мұраға құрмет пен қызығушылықты арттыру», — дейді Әлихан.

Жетекшісі – Мұхит Бұршақбаев.

Аймақ басшысы «Елімай» және «Елімай-М» командаларымен кездесті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Елімай-М» футбол командасын қабылдады.

«Елімай-М» биылғы маусымда екінші лиганың Солтүстік-шығыс конференциясында табысты өнер көрсетіп, 37 ұпаймен үздік үштікке енді.

Аймақ басшысы команда ойыншылары мен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтап, алдағы ойындарына табыс тіледі.

«Бар болғаны екі маусым қатарынан екінші лигада ойнап, үздік үштікке ену – қажырлы еңбектің, нағыз табандылық пен шынайы командалық рухтың нәтижесі. «Елімай-М» – төменгі лигада Абай облысының намысын қорғап жүрген мақтанышымыз! Команданың толығымен жергілікті жастардан жасақталуы және бапкерлер құрамының өз өңіріміздің мамандарынан құралуы бұл Семей футбол мектебінің әлеуетінің зор екенін көрсетеді. «Қазақ футболының отаны – Семей» деген атқа лайықтығымызды дәлелдеп отыр. Сіздердің әрқайсыңызды ертеңгі үлкен футболдың үміті, негізгі құрамның сенімді ойыншысы, болашақ жеңістердің бастауы деп есептеймін. Жергілікті жастардың осылай өсіп, кәсіби деңгейге көтерілуі – біздің өңірдегі жүйелі жұмыстың, спортты қолдаудың, бапкерлер еңбегінің нәтижесі» деді облыс әкімі.

Кездесу барысында аймақ басшысы жанкүйерлер қозғалысының ардагері Саят Сәрсенбиновті, «Елімай» ФК АҚ директорлар кеңесінің мүшелері Асқар Ұранхаев, Серік Байғалиев пен Айрат Базеновті және бапкерлік құрам мен футболшыларды марапаттады.

«Жанкүйерлер атынан жергілікті әкімдікке үлкен алғысымды білдіремін. Бүгінгі күні біздің жас футболшыларымыз жоғары деңгейге жетіп, өздерінің шеберлігін көрсетіп отыр. «Елімай» клубының жетістігі арқылы Семей қаласы тағы да қазақ футболының алтын бесігі, отаны екенін дәлелдеп отыр», – деді жанкүйерлер қозғалысының ардагері Саят Сәрсенбинов.

Облыс әкімі «Спартак» стадионына барып, «Елімай» футбол командасының ойыншыларымен, бапкерлік құраммен кездесті. Аймақ басшысы командаға қолдау білдіру үшін арнайы келгенін айтып, алдағы маңызды матчтарда сәттілік тіледі.

«Семей – қазақ футболының отаны. Дәл осы жерде 1913 жылы Қазақстандағы алғашқы футбол матчы өткен еді. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов команда құрамында ойнады. «Елімай» футбол клубы тарихи дәстүрді лайықты жалғастырып келеді. Алда маңызды екі ойын тұр. Жанкүйерлер тек жеңіс күтеді. Біз сіздерді ел чемпионатында ғана емес, алдағы уақытта Еурокубок ареналарында Қазақстанның намысын қорғайтын командалардың қатарынан көргіміз келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында футбол клубтарының коммерциялануы жайлы атап өткен болатын. Біздің «Елімай» футбол клубы Президентіміздің бастамасын қолдап, қазір жаңа жүйеге өтудің негізін қалап жатыр. Яғни, нағыз халықтық командаға айналуды таңдап, сол бағытта жұмыс істеуде. Алдағы уақытта клуб акциялары биржаға шығарылады. Бұл Қазақстан үшін заманауи, новаторлық, жаңа жол деп айтуға болады. Жанкүйерлер мен инвесторлар клуб тарихының бір бөлігіне айналып, өздерінің үлесін қосып, дамуына әсер етуге мүмкіндік алатынына күмәніміз жоқ. Сол арқылы біз клубты басқарудың нағыз жаңашыл үлгісін еліміз бойынша бірінші бастағалы отырмыз» деді облыс әкімі.

2022 жылы қайта құрылған «Елімай» қысқа уақыт ішінде ел футболының басты клубтарының біріне айналды. 2023 жылғы маусымда команда Бірінші лигада чемпион атанып, 2024 жылы Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралды. Қазіргі таңда семейлік клуб ел чемпионатының 24 турынан кейін 42 ұпай жинап, турнирлік кестеде 5-інші орында келеді. Естеріңізге сала кетейік, маусымның соңғы екі турында елімайлықтар «Тұран» және «Атырау» командаларымен кездеседі.

Абай облысының бүркітшісі Азия чемпионатында үшінші орын иеленді
Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі Дүниежүзілік «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының құсбегілік спортынан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

36 жылдық тарихы бар халықаралық дода Моңғолияның мәдени брендіне айналған. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер мен бүркітшілер қатысатын ерекше мереке. Қазақ құсбегілерін бұл жарысқа мемлекеттік жаттықтырушылар Арманбек пен Базарбек Күнтуған бастап барды.

Жалпы чемпионатқа 60-тан астам құсбегі қатысып, «қолға шақыру» және «шырға тарту» сайыстары бойынша сынға түсті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған Абай облысының бүркітшісі Тәттімбет Кәпұлы «Қарагер» атты қыран құсымен жүлделі үшінші орынды, ал атыраулық құсбегі Арман Қошқаров «Аңырақай» атты бүркітімен екінші орынды иеленіп, ел абыройын асқақтатты.

«Елімай» жастары – қола жүлдегер!
«Елімай» жастары Екінші лиганың Солтүстік-шығыс конференциясында қола жүлдеге ие болды!

100% жергілікті семейлік ойыншылардан құралған ұжым маусым бойы аянбай еңбек етіп, жанкүйерлер сенімін толық ақтады!

Жаңадан ашылған «Ұшақтар» стадионына жан бітіріп, әр ойында көрермендердің қолдауына бөленді.

Бұл — табандылықтың, еңбекқорлықтың және Серік Каппаров пен Ефим Германович бастаған бапкерлер құрамының жұмыстарының нақты нәтижесі.

Биылғы мақсаттарымыздың бірі — жергілікті таланттарды кәсіби футболға бейімдеп, болашақта Еуропада ойнау мүмкіндігін арттыру еді. Сол жолда алғашқы нақты қадам жасалды!

Абай облысының спортшылары Ұлан-Батырда өткен Орталық Азия чемпионатында жүлделі оралды
2025 жылғы 27–28 қыркүйек күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында каратэ Шинкиокушинкайдан жасөспірімдер, жастар, ересектер және әйелдер арасында Орталық Азия чемпионаты өтті.

Абай облысының спортшылары байрақты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Чемпионат қорытындысы бойынша келесі спортшылар жүлделі орындарды иеленді:

Аубакир Адэль — алтын медаль

Қизатов Алинұр — күміс медаль

Мэлс Ерасыл — күміс медаль

Аталған нәтижелер – спортшылардың қажырлы еңбегінің, бапкерлердің үздіксіз дайындығының және облыс спортының даму деңгейінің көрсеткіші. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Абай облысының судьялары республикалық спартакиадада топ жарды
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының XI республикалық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Спорттық сайыстар Қажымұқан атындағы орталық стадион мен өзге де спорт нысандарында ұйымдастырылды. Дәстүрге айналған бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда қатысып, 9 спорт түрінен бақ сынады.

Спартакиада бағдарламасына шағын-футбол, волейбол, арқан тарту, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындары енгізілді.

Жарыс қорытындысында Абай облысының судьялар командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, спартакиаданың көшбасшысы атанды. Екінші орынды Астана қаласының, үшінші орынды Маңғыстау облысының командалары жеңіп алды. Барлық спорт түрлері мен жеке номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қала күніне арналған классикалық баскетбол чемпионаты өтіп жатыр
Семей қаласының №50 IT мектеп-лицейінде қала күніне орай классикалық баскетболдан (5х5) қалалық чемпионат бастау алды.

Аталған спорттық іс-шара Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе ұйымдастырылуда. Чемпионатқа 16 команда қатысып жатыр. Сонымен бірге Абай облысының аудандарынан келген спортшылар да өз бақтарын сынауда.

Чемпионат барысында жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу және қаламыздағы бұқаралық спортты дамыту көзделіп отыр.

«Денсаулық – зор байлық» акциясы өтті
Қала күні аясында Ертіс өзені жағалауында «Денсаулық – зор байлық» спорттық акция өтті. Шара барысында қатысушылар таңғы сергіту жаттығуларын жасап, кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен зумба билеп, көңіл көтерді.

Денсаулықты нығайтуға бағытталған шараға әр түрлі жастағы қала тұрғындары белсенді қатысты. Бұл акция салауатты өмір салтын дәріптеп қана қоймай, тұрғындардың бір-бірімен достық қарым-қатынаста араласуына мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Семей қаласында бұған дейін бастау алған «Барлығына арналған спорт» жобасы аясында түрлі жаттығулар, ашық алаңдағы ойындар мен спорттық шеберлік сағаттары ұйымдастырылып келеді.

«Ақ Бидай — 2025» VIII республикалық ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Биылғы ойындар 11–21 қыркүйек аралығында Алматы облысында ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар 18 спорт түрінен бақ сынайды.

Бұл доданың басты мақсаты — ауыл аймақтарында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық дәстүрді дәріптеу.