Саясат – Semeinews.kz – главные новости города Семей, Казахстана и мира

Облыс әкімі Парламент Мәжілісінің депутаттарын қабылдады
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли «Respublica» партиясынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смолякова мен Динара Наумовамен кездесті.

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асу барысы, туризм, кәсіпкерлік салаларының өзекті мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі аймақта инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге, жылу, су, электр желілерін жаңғыртуға, жолдарды жөндеуге, әлеуметтік нысандар салуға, инвестиция тартуға және ауыл шаруашылығы, туризм, кәсіпкерлік салаларын дамытуға басымдық беріліп отырғанына тоқталды.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Абай облысының жаңадан құрылған аймақ екенін атап өтіп, өңірдің туризм, кәсіпкерлік салаларындағы өзекті мәселелеріне назар аударып, алдағы уақытта депутаттық сауал ретінде көтеруге әзір екендерін жеткізді.

Қазіргі таңда «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалында 1767 партия мүшесі бар. Филиал жанында 15 мүшеден тұратын өңірлік кеңес жұмыс істейді.

Облыс әкімі Семей қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын көрді
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы Бобровка кентінде жеке инвестиция есебінен салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.

10 мыңға тарта халық тұратын Бобровка және Мұрат тұрғын үй алаптарында заманауи спорттық және әлеуметтік нысандар жеткіліксіз. Жобаның жалпы құны – 700 миллион теңге. Екі қабатты нысанда жалпы ауданы 720 шаршы метрді құрайтын ойын және күрес залдары қарастырылған. Құрылысы биыл мамыр айында басталған нысан желтоқсанда пайдалануға берілмек.

Облыс әкімі мердігерлерге жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

«Бұл кешенде тек Бобровка тұрғындары ғана емес, жақын маңдағы «Мұрат» саяжайындағы халық та спортпен шұғылданатын болады. Қазіргі уақытта қаламызда дәл осындай спорт нысаны Водный кентінде де салынып жатыр. Бұл – шаһардың шеткері аудандарының тұрғындары үшін салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортпен айналысуына мүмкіндік береді», – деді аймақ басшысы.

Водный кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қазіргі уақытта 70 пайызға аяқталған. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Ұшақтар шағын ауданында «Самұрық қазына» әл ауқат қоры мен Абай облысы әкімдігінің бірлескен жобасы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жалпы аумағы 1770 шаршы метрді құрайтын нысан 1,1 гектар аумақта бой көтереді. Кешен екі корпустан тұрады және бір мезетте 115 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда 11 үстелге арналған теннис залы, күрес, заманауи жаттығу залдары, футбол алаңдары қарастырылған. Спорт ғимаратын келер жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Әкімдік отырысы өтті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында 2025 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және облыстық бюджеттің орындалуы қаралды. Отырысқа қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары, олардың орынбасарлары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев, қаржы басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Думанқызы, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев, Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айбек Нұғымаров, Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин баяндады.

Биылғы жылдың 9 айында облыста экономиканың барлық саласында дамудың оң өсімі сақталды. Өсім көлік саласында 123,4%, байланыста 106,4%, ішкі саудада 105,9%, инвестицияда 103,1%, ауыл шаруашылығында 102,8% қамтамасыз етілді.

Инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,1%-ға өсіп, 364,5 млрд теңгені құрады. Облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 339,5 млрд теңгеге жетті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық. Өңдеу саласына салынған инвестиция көлемі 137,8% артып, 29,6 млрд теңгеге жетті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға өсіп, 55,9 мың бірлікті құрады. Биылғы жылдың 2 тоқсанында шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнімдерінің көлемі 14,2%-ға өсіп, 562,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

Облыста қала және аудан әкімдерінің қызметін рейтингтік бағалау әдістемесі бекітілді. Рейтинг 72 индикаторды қамтитын 9 бағыттан тұрады. Оның қорытындысы бойынша Курчатов қаласы мен Абай, Көкпекті аудандары алғашқы үштіктен көрінді. Ал Семей қаласы, Аягөз, Мақаншы және Жарма аудандары соңғы орындарды иеленді.

Жиында өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, сумен жабдықтау, құрылыс салаларында көрсеткіштердің төмендегені атап өтілді. Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасарларына, аппарат басшысына, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына Үкімет белгілеген міндеттерді уақтылы жүзеге асыруға, өңірде тұрақты өсімді сақтауға қатысты нақты тапсырмалар берді. Құрылыс қарқынын арттырып, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін ұлғайтып, арнайы қордан қаржысы қаралған жобаларда жұмыстың уақытында атқарылуын және қаражаттың толық игерілуін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

«Мемлекет басшысы экономикалық даму сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру, инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды, халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасына сай әрбір аудан, қалада жыл сайын кемінде 5 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 100-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуы қажет. Облыс экономикасының өсімін қамтамасыз ету үшін менің қатысуыммен 100-ге жуық инвесторлармен кездесу өтті. Сонымен қатар, ынтымақтастық және инвестициялау бойынша меморандумдарға қол қойдық. Өкінішке орай, инвесторларға қолайлы жағдай жасап, қажетті құжаттарын рәсімдеуге көмек беру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей келеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандыру керек», – деді облыс әкімі.

Облысты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Аудан-қала әкімдері бейнережимде қатысты.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейітқанов баяндады.

Мемлекет басшысының елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста тиісті жұмыс атқарылуда. Өңірдегі 1 қала мен 9 ауданда 33 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 6 нысанда құрылыс аяқталып, халыққа ауыз су берілді.

Аймақ басшысы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларының орындалу барысын ерекше бақылауда ұстап, құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүзеге асырылуына күнделікті мониторинг жүргізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, аудан және қала әкімдеріне жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жобаларды толық іске қосу бойынша нақты шараларды қабылдауды жүктеді.

«Мемлекет басшысы халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту туралы тапсырма бергені бәрімізге белгілі. Бұл – ең алдымен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндет. Барлық жобаларды мерзімінде аяқтау әкімдердің тікелей жауапкершілігі екенін ескертемін. Осыған орай әрбір қала және аудан әкімдері өз аумағындағы барлық су құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын қатаң бақылауға алып, қажетті жұмыстарды сапалы және шұғыл атқаруы тиіс», – деді облыс әкімі.

Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды
Республика күні қарсаңында Жарма ауданының Шар қаласында күрделі жөндеуден өткен қалалық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Шар қалалық Мәдениет үйі 1960 жылы бой көтерді. Соңғы рет нысанға 2002 жылы жөндеу жүргізіліп, сыртқы қаптамасы жаңартылып, едендері ауыстырылып, су жүйесі тартылған болатын.

Биыл «Жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ғимаратқа толық күрделі жөндеу жүргізілді. Шатыры ауыстырылып, барлық терезе, есік және еден жабындары жаңартылды. Су, жылу және кәріз жүйелері ауыстырылып, жаңа жылу қазандығы іске қосылды. Сахна кеңейтіліп, заманауи жарық және дыбыс құрылғылары, сондай-ақ LED экран орнатылды. Қосымша бөлмелер салынды.

Айта кетейік, биылғы маусым айында аймақ басшысы Жарма ауданына жұмыс сапарымен келгенде Шардағы Мәдениет үйін аралап, мердігер компанияға жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырған болатын.

Облыс әкімі елді мекен тұрғындарын маңызды мәдени нысанның қайта ашылуымен құттықтады.

«Біз бүгін Республика күні қарсаңында Шар қалалық мәдениет үйінің қайта ашылу салтанатында бас қосып отырмыз. Көктемде осында келген кезімде бұрынғы ғимаратты қайта жаңғырту туралы шешім қабылдаған болатынмын. Міне, бүгін әдемі, кең, жарық, биік, су жаңа Мәдениет үйін өздеріңізбен бірге ашқалы тұрмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаға Жолдауында «тіл, мәдениет, руханият мәселесі ұлттық мүдденің өзегі ретінде саналатын. Әрине, бұл дұрыс, әрқайсысы ұлт болмысының арқауы» деп айрықша атап өткен болатын. Біз де осы бағытты басшылыққа ала отырып, мәдениет нысандарын жаңғырту ісіне баса мән беріп келеміз. Шар қаласындағы ғимараты толық күрделі жөндеуден өткен бұл өнер ордасы өңірдің мәдени тынысын жандандырып, қала тұрғындарының рухани өмірінде ерекше орын алады деп сенеміз. Бұл жерде шығармашылық ұжымдар өз өнерін шыңдап, жастар рухани тәрбие алып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылатын болады. Осы игі істің жүзеге асуына атсалысқан құрылысшыларға, жобалаушыларға, мәдениет саласының қызметкерлеріне және барша тұрғындарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Шарға осымен үшінші рет келіп отырмын. Қаланың дамуы үнемі менің назарымда, жеке бақылауымда болады», – деді облыс әкімі.

Жергілікті тұрғындар Мәдениет үйінің жаңғырып, қайта ашылуын жылы қабылдап, үлес қосқандарға ризашылықтарын білдірді.

«Бүгін Шар қаласы тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған күн деп айтуға болады. Мәдениет үйіміздің қайта жаңарып, жарқыраған сәтіне куә болып отырмыз. Шар қаласында бассейн құрылысы басталды. Келесі жылы бірнеше көшенің жолы жөнделетінін айтты. Облыс басшылығына алғыс айтамыз», – деді қала тұрғыны Талғат Құмаров.

Аймақ басшысы «Кәусар» халық ұлт-аспаптар оркестрі және «Сұлуым» эстрадалық қыздар тобының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Биыл өңірде бірқатар мәдени нысандар жаңартылды. Абай ауданының Қарауыл ауылындағы Мәдениет үйіне, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханаға, Абай атындағы театрға және Семей қаласындағы Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық маңызы бар тарихи-сәулет ескерткіші саналатын облыстық тарихи-өлкетану музейінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

2025 жылы аймақтың мәдени инфрақұрылымын дамыту мақсатында республикалық бюджет есебінен бес жаңа нысанның құрылысына қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Үржар ауданындағы Жоғарғы Егінсу ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 100 орындық клубтың құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Бородулиха ауданының Камышенка, Новопокровка, Бесқарағай ауданының Беген, Глуховка және Ерназар ауылдарында, Ақсуат ауданының Көкжыра ауылында жаңа Мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде.

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында жасалған еңбек шарттары туралы деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу және жұмыс берушілермен жасалатын ұжымдық шарттарды цифрландыру мәселесі қаралды. Отырысқа басқарма, департамент басшылары, ал кәсіподақ өкілдері мен аудан, қала әкімдері бейне режимде қатысты. Күнтәртібіндегі мәселелер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ниятқабылов баяндады.

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізудің негізгі мақсаты – кадрлық процестерді цифрландыру және автоматтандыру, еңбек шарттарының қағазсыз форматына көшу және азаматтардың еңбек қызметі туралы бірыңғай деректер базасын қамтамасыз ету.

Ұжымдық шарт – қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге, қызметкерлерге қосымша кепілдіктер мен әлеуметтік жеңілдіктер беруге, еңбек жағдайларын жақсартуға, еңбекақы төлеу мерзімдерін белгілеуге, еңбекақы төлеу тәртібін, жалақыны индекстеу тәртібін, ынталандыру төлемдерінің мөлшерін, жұмыс уақыты ережелерін және еңбек қатынастарының басқа да аспектілерін белгілеуге, тараптардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Абай облысында 535 ұжымдық шарт күшіне еніп, hr.enbek.kz сайты арқылы цифрландырылды.

Аймақ басшысы жиында бірінші орынбасары Ербол Садыр мен аудан, қала әкімдеріне штаттық кестелерді декларациялау және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу барысын жеке бақылауға алуды тапсырды. Білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік сала мекемелеріне еңбек шарттарын енгізу мен штаттық кестелерді декларациялауды толық жүзеге асыруды міндеттеді. Отырыста қала-аудан әкімдеріне жұмыс берушілермен кездесулер өткізіп, еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, облыстық цифрландыру басқармасына жүйені жетілдіру және техникалық қолдау көрсету қажеттігі айтылды.

Абай облысында «Таза Қазақстан» аясында студенттерге экологиялық дәріс өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шәкәрім университетінің орман шаруашылығы мамандығының студенттері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлерімен кездесті.

Шара барысында мамандар студенттерге орман шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар, орманды қорғау және қалпына келтіру шаралары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу, орман ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері талқыланды.

Бүгінгі лекцияда біз орман өрттерінің алдын алу және орманды күтіп-баптау жайында пайдалы ақпарат алдық. Адамзат өмірі орман мен табиғатқа тікелей тәуелді деп ойлаймын. Ауамыздың тазалығы мен өмір сапасы да орманға байланысты. Сондықтан біз, болашақ мамандар ретінде, орманды сақтау мен көбейтуге өз үлесімізді қосуымыз керек, – деді Шәкәрім университетінің екінші курс студенті Айдана Хизатоллаева.

Өз кезегінде студенттер экология саласында білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ сұрақ-жауап форматында өз ойларымен бөлісіп, экологиялық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Біз осындай кездесулер арқылы жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыруды көздейміз. Экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ – елдің болашағына қосылған үлес, – деп атап өтті «Семей орманы» туризм және рекреация бөлімінің басшысы Кәусар Рамазанов.

Абай облысында кадр тұрақтылығы мен мектептегі тамақтану мәселесі қаралды
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Абай облысының жергілікті атқарушы органдарындағы кадр тұрақтылығы мен әдеп-нормаларының сақталуы және оқушыларды тамақтандыру мәселелері қаралды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов және Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаев баяндады.

Өткен жылы облыстағы Өңірлік кадр резервіне 25 жас маман іріктелді. Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес резерв мүшелерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындау жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда резервшілердің 11-і түрлі мемлекеттік қызметтерге тағайындалды. Агенттік әр резервшіге арналған жеке мансаптық карта әзірлеп, ұсынылатын лауазымдар тізімін қалыптастырды.

Бос лауазымдарды тиімді толтыру мақсатында заңнамаға сәйкес мемлекеттік грант негізінде оқуын үздік аяқтаған түлектерді аудандық және ауылдық деңгейдегі басшы емес лауазымдарға конкурссыз қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару академиясын жоғары нәтижемен тәмамдаған қызметшілерді конкурстан тыс мансаптық ілгерілету тетігі бар. Есепті кезеңде 14 түлек жергілікті мемлекеттік органдарға конкурссыз қабылданды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылғы қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен 100% қамтылған.

Аймақ басшысы облыс әкімінің аппаратына аудан-қала әкімдерімен бірлесіп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің ұсыныстарын ескере отырып, заң талаптарына сәйкес бос лауазымдарды толтыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша үш жылдық Жол картасын әзірлеп, нақты шаралар мен мерзімдерді айқындау қажеттігін айтты.

Мақаншы ауданына жаңа өрт сөндіру техникасы келді
Абай облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен Мақаншы ауданы төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасы жаңа техникамен, заманауи құрал-жабдықтармен толықты.

Құтқару қызметіне АЦ-5-40 (43118) «КамАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі, HOLMATRO HCT5114ST авариялық-құтқару құралы және DJI MAVIC 3T ұшу аппараты табысталды.

Жаңа техника өрт сөндіру мен құтқару жұмыстарының тиімділігін арттырады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою бағытындағы қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Шара барысында Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин ауданның Төтенше жағдайлар бөлімі мен №18 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығымен және Республика күнімен құттықтады.

Қызылорда қаласында Абай облысының мәдениет күндері басталды
Облыс әкімі Берік Уәли бастаған делегация құрамында Парламент Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай, кәсіпкер Дулат Тастекеев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, Абай атындағы драма театр ұжымы бар.

Облыс делегациясы Қызылорда қаласындағы өнер орталығында егін жинау науқанының аяқталуына және жаз бойы еңбек еткен шаруаларға құрмет көрсетуге арналған «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасына қатысты.

Шара барысында сөз сөйлеген аймақ басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, «Абайға құрмет» акциясы аясында Семейде «Анаға тағзым» орталығын салып беретіні үшін ризашылығын жеткізді. Қос облыстың тарихи үндестігі мен рухани сабақтастығын, ел дамуына қосқан ортақ үлесін атап өтті.

«Қазақ халқы тағдырының тайғақ кешулі кезеңдерінде жағасына келіп тыныс тапқан, суына бетін жуып, үмітін ертеңге жалғаған қасиетті Сыр дарияның бойында, ежелгі Ақмешіт, бүгінгі Қызылорда төрінде өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма бек қуаныштымын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Алаш арыстары заманның сын-қатеріне қарамай, Қазақ елінің мемлекетшілдік идеясын жаңғыртты» деп алаш қозғалысына тарихи баға берген болатын. Жиырмасыншы ғасырдың басында Семейге топталып, ұлттың «болу мен бордай тозу» алдында тұрған шағында қайрат қылған қайран ерлер Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев сияқты тұлғалар ғасырдың екінші ширегі басталғанда Қызылордада қызмет етіп, мәдениет пен ағартуға өлшеусіз үлес қосты. Өткен ғасыр басындағы қазақтың мәңгі өлмес шығармалары Семейде басталып, Қызылордада нүктесі қойылып жатты. Бұл біз үшін бәрінен биік мақтаныш. Біз бүгін аймақтарыңызға үлкен делегациямен өнер жұлдыздарын, зиялы қауым өкілдерін және жақында ғана республикалық байқауда бас жүлде алған театрымыздың арнайы қойылымымен келіп отырмыз. Бұл өңір аралық рухани-мәдени байланыстарды нығайтып, біздерді бауырластыра түседі деп сенеміз», – деді облыс әкімі.

Облыс делегациясына Қызылорда қаласындағы түрлі нысандардың жұмысы таныстырылады. Абай облысының Қызылорда қаласындағы мәдениет күндері аясында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» спектаклін көрерменге ұсынады. Сондай-ақ, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, семейлік ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов қызылордалық оқырмандармен кездеседі.