Семей жаңалықтары – Semeinews.kz – главные новости города Семей, Казахстана и мира

Мұрат саяжайының қордаланған мәселесі шешілмек
Қала әкімі Әділет Қожанбаев Мұрат саяжайының тұрғындарымен қала әкімдігінде кездесу өткізді. Жиынға тиісті бөлім басшылары мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мұрат саяжайының басты мәселесі – электр желісін орнату. Бүгінде саяжайға 6 трансформатор орнатылып, құжаттар әзірленуде.

Сонымен қатар, Бобровка және Мұрат саяжайларында жалпы ұзындығы 35 шақырым болатын электр желілері тартылып, 7000 үйді қамтыды (Бобровка – 5000 үй, Мұрат – 2000 үй).

«Мұрат саяжайының тұрғындарымен сайлау алды бағдарламам кезінде кездесу өткізген едім. Мәселелеріңіз назар тыс қалған емес. Сіздермен әрқашан байланыстамыз», – деді Әділет Қожанбаев.

Және кездесу барысында жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік сынды мәселелер де айтылды. Қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің бақылауда екенін атап өтті.

Семейдегі «Юность» шағын ауданында заманауи қоғамдық кеңістік салынып жатыр
Облыс әкімі Берік Уәли бүгін Семей қаласындағы «Юность» шағын ауданында салынып жатқан жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылыс барысымен танысты

. Демалыс орнының құрылысы екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Қоғамдық кеңістіктің жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асады, аумағы 52 620 шаршы метрді құрайды. Көгалдандыру жұмыстары аясында 355 қылқан жапырақты, 788 жапырақты ағаш, 8484 сәндік бұта және 27 408 көпжылдық гүл отырғызу жоспарланған.

Қоғамдық кеңістік аумағында кіші сәулет нысандары, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарық бағандары орнатылады. Сондай-ақ, футбол, баскетбол, Workout және балалар ойын алаңдары, тұрғындар мен қонақтарға арналған демалыс аймақтары, жасыл желектерді үздіксіз сумен қамтамасыз ететін резервуар да қарастырылған. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң бұл аумақ қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналмақ.

Аймақ басшысы мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды.

«Қаланы абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Юность» шағын ауданында салынып жатқан жаңа қоғамдық кеңістіктің бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Көктемде келгенімде бұл маңды су басып жатқан, балшық еді. Қазір жаңа кейіпке енген. Тұрғындардың демалуына, халықтың серуендеуіне, балаларға арналған жақсы қоғамдық кеңістік болады. Ойын, спорт алаңдары бар. Бұл ықшам ауданда мұндай демалыс орны бұрын болмаған. Ал екінші кезең келесі жылы көктемде басталады. Қалада осындай демалыс орындарын көбейтеміз», – деді облыс әкімі.

Жергілікті тұрғындар саябақ құрылысына ризашылықтарын жеткізді.

«Барлығы өте жақсы жасалып жатыр. Ең бастысы – сапалы. Бұрын бұл жердің бәрі батпақ болып жататын. Өзім осы жерде тұрамын, күн сайын атқарылып жатқан жұмысты көріп жүремін. Жақында Қарағайлы ықшам ауданындағы жаңа саябақты да барып көрдік. Шынында да, өте әдемі әрі заманауи түрде салынған. Қаламыздың көркейіп келе жатқанына қуаныштымыз», – деді «Юность» шағын ауданының тұрғыны Асылбек Әлімбай.

Семейде жаңа қоғамдық кеңістіктердің саны көбейіп келеді. Жақында Республика күніне орай Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ пайдалануға берілді. Аумағы шамамен 53 мың шаршы метрді құрайтын саябақ толық абаттандырылып, мыңға жуық қарағай мен шырша көшеттері, 9 500-ден астам сәндік бұталар және 8 000-ға жуық көпжылдық гүлдер егілді. Сондай-ақ, онда серуен жолдары, демалыс аймақтары, сахна және мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған ашық алаңдар салынды.

Семей қаласының мектебінде “Киіз басу” үйірмесі ашылды
Семей қаласындағы №50 ІТ мектеп-лицейінде қыздарға арналған «Киіз басу» үйірмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, әжелер ұйымының мүшелері, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Үйірменің негізгі мақсаты – қыз балаларды ұлттық қолөнерге баулу, еңбекқорлық пен әсемдікке тәрбиелеу. Мұнда оқушылар киіз басу технологиясын меңгеріп, тұрмыстық және сәндік бұйымдар жасауды үйренеді. Сондай-ақ сабақ барысында ұлттық киім үлгілері мен ою-өрнек түрлері таныстырылып, қыз бала мәдениетіне қатысты тақырыптар қамтылады.

Үйірме жетекшісі, «Бір ауыл – бір өнім» облыстық байқауының грант иегері Нұрсая Жұмаханқызы киіз өнерін жандандырудың маңызын атап өтті.

«Бұл үйірме – тек қолөнер сабағы емес, ұлттық құндылықты дәріптейтін тәрбиелік орта. Мен өзім «Бір ауыл – бір өнім» жобасында жеңіске жетіп, киіз бұйымдарын жасаумен айналысып келемін. Енді сол тәжірибемді жас ұрпаққа үйретіп, қыз балаларға ұмыт бола бастаған ұлтық өнердің қыр-сырын меңгерткім келеді. Киіз басу – қыз баланы ұқыптылыққа, төзім мен талғамға баулитын, рухани тәрбиенің қайнар көзі», – деді ол.

Іс-шара барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған киіз бұйымдарын таныстырып, шағын көрме ұйымдастырды. Қатысушылар киізден жасалған сәндік заттар мен тұрмыстық бұйымдарды тамашалап, киелі өнердің бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын атап өтті.

Үйірмеге 4–10 сынып оқушылары қабылданады. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде аптасына екі рет өткізіледі. Алдағы уақытта оқушылардың еңбектері мектепішілік көрмелер мен қалалық шығармашылық байқауларда таныстырылмақ.

Семейде орман тұқымбағы ашылды
«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында жұмысын бастаған орман тұқымбағының ашылуына облыс әкімі Берік Уәли, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи реверватының қызметкерлері, сала ардагерлері және белсенді жастар қатысты.

Нысанның жалпы аумағы 100 гектарды құрайды. Құрылысы 2026 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Тұқымбақта қылқан жапырақты және жапырақты ағаштардың егістік алаңы, жабық тамыр жүйесіне арналған контейнерлік жылыжай аймағы, шеберханалар, қоймалар, кеңселер салынатын болады. Сондай-ақ 3 гектар аумақта инженерлік желілер мен қосалқы алаңдар орналасып, 5 гектар жер аналық плантациялар мен тұқым бауына арналады.

Биыл облыста 65 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. «Семей орманы» аумағындағы өрттердің салдарын жою үшін жыл сайын 20 миллионнан астам қарағай егілуде. Бұл шаралар орман қорын қалпына келтіруге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Жаңа орман тұқымбағы облысты көгалдандыруға сапалы отырғызу материалын қамтамасыз етіп, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, Семей қаласының сол жағалауында жасыл белдеу құру көзделген.

Аймақ басшысы жоба өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және орман қорын қалпына келтіруге бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

«Бүгін біз «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнін» және орман тұқымбағының салтанатты ашылуы сынды ерекше маңызды екі шараны атап өтуге арнайы жиналып отырмыз. Бұл бастама – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағаш отырғызу және еліміздің орман қорын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында қолға алынған игі істердің жалғасы. Президентіміздің бұл игі бастамасы қазіргі әлемдік экологиялық жағдаймен қоса халқымыздың бай танымымен де астасып жатыр. Ұлтымыздың экологиялық мәдениеті талай ғасырлардың сынынан өтіп, ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігіне айналғанын баршаңыз жақсы білесіздер. Сондықтан халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген дана сөз бар. Тұқымбақ қолайлы жерде орналасқан. Жанынан Ертіс өзені ағып өтіп жатыр. Ағаш көшеттерін көбейтіп, жасыл аймаққа айналдыруға таптырмас орын. Сонымен қатар, бүгін біз орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтудеміз. Табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жасыл байлығымыз – орманымыз сақталып, ұлғайып келеді. Өңір экологиясын жақсартып, туған жерімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – баршамыздың отан алдындағы қасиетті борышымыз. Табиғатты аялау ұлт болашағына қызмет ету екенін естен шығармауымыз керек», – деді облыс әкімі.

Шараға қатысқан орман саласының ардагерлері тұқымбақтың Семей қаласы үшін маңызы зор екенін айтты.

«Қазір зейнеткермін. Осындай игі шараларға үнемі атсалысып, қолдау көрсетуге тырысамын. Бүгін немерелерімді ертіп келдім. Тұқымбағымыз көркейіп, ағаштары жайқалып өсе берсін. Бұл – Семей қаласы үшін өте қажетті жоба. Осы тұқымбақ арқылы ағаштарды сатып алмай-ақ, өзіміз өсіре аламыз», – деді Құрмет Мұхамадиев.

Аймақ басшысы ашылу салтанатынан кейін орманшылармен және жастармен бірге ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты. Шара барысында тұқымбаққа он мыңға жуық қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар егілді. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Абай облысында 44 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар бекітілген. Облыста 2022-2024 жылдары 213 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Семей қаласында алғаш рет 75 мың ағашты толық түгендеуді қамтитын дендрологиялық жоспар әзірленді.

Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ ашылады
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қаланы аралау барысында Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс алаңына барды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы қала әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев баяндады.

Қазіргі уақытта саябақ аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ көгалдандыру аясында мыңға жуық қарағай мен шырша көшеттері отырғызылған.

Аумағы 5 гектарды құрайтын саябақта серуен жолдары, сахна, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар, демалыс аймақтары қарастырылған.

Жоба тұрғындардың жайлы және қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Саябақтың ашылуы 25 қазан – Республика күніне жоспарланып отыр.

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» мерекелік кеші өтті
Қалалық Мәдениет сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» мерекелік кеші өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

Шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылып, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» тақырыбында өтті. Кеш «Адам болам десеңіз…» әлеуметтік көрінісімен ашылды.

Басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің маңызды рөлін мойындау және олардың қолдау көрсету мен әлеуметтік ортаға бейімдеуге қосқан үлесін насихаттау.

Сахнада қаламыздағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары мен қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды. Олар ән айтып, би билеп, жүрек тебірентер көріністер көрсетті. Концерт барысында қатысушылар шығармашылығын шыңдап, өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулері өтіп жатыр
Облыс орталығындағы «Арена» спорт кешенінде 14-21 қазан аралығында өтіп жатқан бокс біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – жүлделер алғаш рет World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынды.

Атап өтерлігі, Қазақстан чемпионатында алты бірдей әлем чемпионы, Азия біріншілігі және Олимпиада жүлдегерлері өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Әйгерім Сәттібаева, Даниял Сәбит, Сәкен Бибосынов, Элина Базарова, Серік Теміржанов, Римма Волосенко, Абылайхан Жүсіпов, Бақыт Сейдіш, Ерасыл Жақпеков, Валентина Хальзова, Сағындық Тоғамбай, Нұрлан Сапарбай өз салмақтарында үздік деп танылды. Қалған салмақтардың жеңімпаздары кешкі сессия барысында анықталады.

Біріншілікте чемпион атанған спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасының сапына іріктеліп, алдағы халықаралық және әлемдік жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Финалдық жекпе-жектерді облыс әкімі Берік Уәли тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанатына қатысты.

Айта кетейік, 80 келі салмақта алтыннан алқа тағынған Ерасыл Жақпеков – Абай облысының тумасы. Ол былтыр Астанадағы U-22 Азия чемпионатында алтын, Тайландтағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Биыл Нидерландта өткен «Eindhoven Box Cup» халықаралық турнирінде алтын, Болгарияда өткен беделді «Странджа» халықаралық турнирінде күміс жүлде иеленді. Биыл өңірдің былғары қолғап шеберлері жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Шри-Ланкада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Жанель Имантаева мен Ақнұр Тұрсынғали өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

2025 жылы Абай облысының 451 спортшысы ұлттық құрамаға енді. Жыл басынан бері спортшыларымыз республикалық жарыстарда 1232 медаль (376 алтын, 337 күміс, 519 қола), халықаралық жарыстарда 182 медаль (56 алтын, 51 күміс, 75 қола) жеңіп алды.

Семейде жалпықалалық сенбілік өтті
Семей қаласында кезекті рет жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық акциясына қала әкімі Әділет Қожанбаев, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйым мүшелері және тұрғындар белсене қатысты.

Сенбілік барысында саябақтар, аулалар мен көшелер тазартылып, ағаш бұталары мен жапырақтар жиналды. Сонымен қатар қоғамдық орындар ретке келтірілді.

Қала әкімі тұрғындарды таза әрі жайлы Семейді бірге қалыптастыруға шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Нәтижесінде ондаған тонна қоқыс арнайы техникамен ТҚҚ полигонына шығарылды. Сенбілік шарасы қала тұрғындарының белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Сенбілікке 2000-нан астам адам қатысты. Нәтижесінде қала полигонына 400 текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Облыс әкімі Семей қаласының жаңа әкімін таныстырды
«Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес 2025 жылдың 14 қазанынан бастап Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды.

Еліміз бойынша Семей қаласында алғаш рет өткен қала әкімін тікелей сайлау қорытындысында Әділет Қожанбаев 77,1% дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның қарсыластары Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинаса, 3,7% адам барлығына қарсы дауыс берген.

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін оны қала активіне таныстырды.

Биылдан бастап «Сайлау туралы» заңға сәйкес облыстық маңызы бар қала, аудан әкімдерін халық өзі, тікелей дауыс беру арқылы сайлай алады. 2023 жылы пилоттық режимде өңірімізде Курчатов қаласы мен Абай ауданының әкімі, биыл облысымызда алғашқылардың бірі болып Жаңасемей ауданының әкімі тікелей дауыс беру арқылы сайланған болатын.

Аймақ басшысы қала әкімін тікелей сайлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалардың нақты жүзеге асуының айқын көрінісі екенін атап өтті.

«Бұл – еліміздің тарихында алғаш рет өткен облыс орталығы әкімінің сайлауы. Қала және жалпы облыс халқы үшін тарихи сәт деуге толық негіз бар. Президент бастаған реформаның жаңа белесі саналатын еліміздегі тұңғыш облыс орталығы әкімінің сайлауы біздің өңірден басталуы заңдылық деп білеміз. Абайдың елі, Алаштың жері өнер мен білімнің ғана емес, демократияның да сәулесін шашты деп мақтанышпен айта аламыз. Өткен сайлауда қала халқы саяси мәдениеттің озық үлгісін көрсетіп, өз таңдауын жасады. Семей қаласы – бұл Алаштың астанасы, мәдени пен руханияттың ордасы, тұңғыштар мекені, Мемлекет басшысы атап өткендей, «тарихи орталық» мәртебесіне ие. Өзінің ерекшеліктері мен қордаланып қалған мәселелері де жетерлік. Әділет Нұрсағатұлы тәжірибесі мол, білікті басшы. Сондықтан Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына және қаланың жалпы көркейіп-гүлденуіне барлық күш-жігеріңізді саласыз деп сенемін. Облыс тарапынан қолдау көрсетеміз», – деді облыс әкімі.

Жиын барысында Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлжан Қуанышева Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаевқа әкім куәлігін тапсырды.

Әділет Нұрсағатұлы Көкпекті ауданының Биғаш ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын «Крамдсбанк» акционерлік қоғамының Семей қаласындағы филиалында кредиттік қызметкер ретінде бастаған. Әр жылдары еліміздегі банк құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған. Абай облысы құрылған кезден бастап өңірдің қаржы басқармасын басқарды. 2024 жылдың 5 тамызынан осы уақытқа дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі болды.

Семей қаласында Ішкі саясат мәселелері бойынша жұмыс жиналысы өтті
Қала әкімінің аппарат басшысымен колледждер мен жоғары оқу орындарының басшылары және өкілдерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелері бойынша жұмыс жиналысы өтті.

Кездесу барысында өңірдегі ішкі саясат саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыру, діни экстремизмнің алдын алу және жастармен жұмыс бағыттарындағы міндеттер қарастырылды.

Сонымен қатар, оқу орындарында патриоттық тәрбие, волонтерлікті дамыту және әлеуметтік бастамаларды қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.