Қазақстан жаңалықтары – Semeinews.kz – главные новости города Семей, Казахстана и мира

Республикалық маңызы бар «Қалбатау–Майқапшағай» жолы ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бүгін республикалық маңызы бар, ұзындығы 415 шақырымды құрайтын «Қалбатау–Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылды.

Күре жолдың ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ төрағасы Дархан Иманашев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Ерлан Саиров, Ұлықбек Тұмашинов, Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай қатысты.

Аймақ басшысы бұл жолдың өңір тұрғындары үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Өңірлердің көлік байланысына қатысты мәселемен мықтап айналысу керек. Бұл жөнінде қазір көп айтылып жүр, соның ішінде халықаралық форумдарда да талқылануда. Ірі транзиттік аймақ саналатын Қазақстан үшін бұл бағыт айрықша маңызды» деп атап өткен болатын. Біз бүгін өңіріміздің инфрақұрылымдық дамуындағы маңызды белеске куә болып отырмыз. Жолдың еліміздің басты мерекесі – Республика күні қарсаңында пайдалануға беріліп отырғаны облыс жұртшылығы үшін қуанышты жаңалық болғанын айтуымыз керек. Өңір тұрғындары бұл күнді көп күтті. Бұл халықаралық логистикалық дәліздің 184 шақырымы Абай облысы арқылы өтеді. Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандары жол аумағында жатыр. Аталмыш бағыт аймақтың экономикалық тұрғыдан дамуына, туристік ағынның артуына, өңіраралық байланысты жақсартуға септігін тигізері анық. Көлік министрлігіне, «ҚазАвтоЖол» басшылығына, мердігер компанияға облыс тұрғындары атынан алғыс білдіремін», – деді облыс әкімі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев жобаның стратегиялық маңызына тоқталды.

«Қалбатау – Майқапшағай» тасжолы – еліміздің көлік саласының маңызды бөлігі. Бұл жол Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерін Қытай Халық Республикасының шекарасымен байланыстырады. Жобаның жүзеге асырылуы транзиттік әлеуетті арттыруға, өңіраралық және халықаралық байланысты нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл – еліміздің экономикалық тұрақты дамуына бағытталған жол инфрақұрылымын жаңғыртудың кең ауқымды жұмысының нәтижесі», – деді ол.

Жол құрылысы Қытайдың Экспорттық-импорттық банкінің қаражаты есебінен және республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру арқылы жүзеге асырылды. Жоба жалпы ұзындығы 415 шақырым болатын 10 учаскені және 2 жол пайдалану учаскесін қамтиды. Оның ішінде 184 шақырымы – Абай облысының, 231 шақырымы – Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Жобаны іске асыру барысында 8 асфальтбетон зауыты, 1100 бірлік жол-құрылыс техникасы, 1800-ден астам маман жұмылдырылды. 5 демалыс алаңы, 37 көпір, 2 жол өтпесі, 349 су өткізу құбыры және демалыс аймақтарында 2 санитарлық-гигиеналық торап салынды.

Биыл Абай облысында көліктік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы ұзындығы 408 шақырым болатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуге және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге түрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржы бөлінді. Облыстық маңызы бар 109 шақырым жолдың жеті учаскесінде, аудандық маңызы бар 130 шақырым жолдың 14 учаскесінде және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 63 шақырым елді мекен көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Семей қаласында 52 көше, Курчатовта 42 шақырым жол қайта жаңартылуда.

Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслиханмен кездесті
Облыс әкімі Берік Уәли аты аңызға айналған таеквондо шебері, қазақтың батыр ұлы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрікпен кездесті. Кездесуге түркиялық және отандық кәсіпкерлер Омар Тәйжі мен Қайша Керей қатысты.

Бүгінде Германияның Мюнхен қаласында тұратын Неслихан ата-бабаларының туып-өскен жері Абай облысына арнайы келген екен.

Кездесу барысында Мұстафа Өзтүрік есімін ұлықтау, оның өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау жайы сөз болды.

«Мен Германияда туып-өстім. Абай еліне, Семей қаласына алғаш рет келіп отырмын. Құрмет көрсетіп, жылы қабылдағандарыңызға зор алғысымды білдіремін. Ата-бабаларымның туған жеріне келіп, ерекше сезімді бастан кешіп отырмын», – деді Неслихан Өзтүрік.

Аймақ басшысы Мұстафа Өзтүрік есімін Абай облысында дәріптеу бағытындағы бастамаларға қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Мұстафа Өзтүрікті еліміз жақсы біледі, бәріміз мақтан тұтамыз. Ол кісі тәуелсіздік жылдары елге жиі келіп, халқымен етене араласқан, үлкен құрмет пен қошеметке бөленген тұлға. 1994 жылы Мақаншы ауданына арнайы келіп қайтқан еді. Батыр ағамыз келгенде елдің ықыласы, пейілі ерекше болды. Абай облысында Мұстафа Өзтүріктің есімін насихаттауға байланысты ұсыныстарыңызды қарастырып, қолдау білдіруге дайынбыз», – деді аймақ басшысы.

Бесқарағай ауданының үш ауылында жаңа медициналық пункт ел игілігіне берілді
Абай облысының Бесқарағай ауданындағы Қоянбай, Қара-Мырза және Долон ауылдарында жаңа медициналық пункттер ашылды.

Қоянбай – Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан елді мекен. Бүгінде мұнда 400, Қара-Мырза ауылында 306, Долон ауылында 354 адам тұрады.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы» аясында аудан бойынша барлығы 11 нысан салынды. Оның ішінде 4 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт бар.

Жаңадан ашылған медициналық пункттер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда физиотерапия және процедуралық кабинеттер, орта медицина қызметкерлеріне арналған бөлмелер мен дәріханалық пункт жұмыс істейді.

Нысандар заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған: нейбулайзер, электрокардиограф, дефибриллятор, екі арналы сенсорлы магнитотерапия аппараты, спирометр, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу жолдарын ультракүлгін сәулемен емдеуге арналған стационарлық құрылғы орнатылған.

Жаңа медициналық пункттердің ашылуы шалғай ауыл тұрғындарына сапалы және қолжетімді алғашқы медициналық көмек көрсетуге жол ашады. Бұл бастама ауыл медицинасының сапасын арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Шомылу маусымы қорытындыланды
Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың төрағалығымен төтенше жағдайларды болдырмау және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде шомылу маусымы мен өрт қаупі кезеңінің қорытындысы, сейсмикалық қауіпсіздік шаралары және жылыту маусымының барысы қаралды.

Мәлімделгендей, шомылу маусымы кезеңінде қала аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау, су айдындарында кезекшілікті ұйымдастыру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ өрт қаупі жоғары кезеңде төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық құрылымдар өзара іс-қимылда жұмыс істегені атап өтілді.

Бекжан Бапышев өз сөзінде жауапты бөлім басшыларына барлық бағыттағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

«Қауіптің алдын алу – салдарына жауап беруден әлдеқайда тиімді. Сондықтан әр сала өз бағытында бақылауды күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуы қажет. Қыс маусымы жақындап келеді, жылыту жүйелерінің тұрақты жұмысы мен сейсмикалық қауіпсіздік – біздің ортақ міндетіміз», – деді Бекжан Бапышев.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті бөлімдер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

Аягөз қаласында 90 орындық жаңа балабақша ашылды
Аягөз қаласында жаңа жекеменшік «Шұғыла-Б» балабақшасының ашылу салтанаты өтті.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған балабақша 90 балаға арналған. Мұнда төрт топ жұмыс істейді: екеуі – ортаңғы, екеуі – ересектер тобы. Балалардың сапалы тәрбие мен білім алуына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар 29 жаңа жұмыс орны ашылып, өңірде қосымша еңбек мүмкіндігі туды.

Жаңа нысан Абай облысы білім басқармасының 2023-2029 жылдарға арналған жол картасының «Балабақша – жайлы мекенім» бағыты аясында жүзеге асырылды. Мекеме 1 жас 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды.

«Шұғыла-Б» балабақшасында балалардың жан-жақты дамуына барлық мүмкіндік жасалған. Оқу процесінде Монтессори әдістемесі, ерте дамытудың инновациялық бағдарламалары және үш тілде білім беру элементтері қолданылады. Сабақтар баланың жас ерекшелігіне сай дамытушы ойындар арқылы жүргізіледі.

Мекеме заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған: интерактивті панельдер мен сенсорлы үстелдер, қауіпсіз резеңке төсем төселген ашық ойын алаңы, жылы әрі жайлы интерьер – бәрі бүлдіршіндердің еркін дамуына бағытталған.

Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрғали Әзімбаев ұжымды жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл – соңғы екі жылда ауданда ашылған жаңа балабақшалардың бірі. Қазіргі таңда Аягөз ауданында 418 бала балабақша кезегінде тұр.

Ауыл шаруашылығы министрі өңірдің ет өнімдерін өңдейтін, көкөніс өсірумен айналысатын кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегация Абай облысындағы жұмыс сапары аясында облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семей қаласы мен облыс орталығының іргесіндегі ет өнімдерін өңдейтін, көкөніс өсірумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Жаңасемей ауданындағы ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылыс алаңында болды.

Семей қаласындағы «АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС 2012 жылы құрылған. Кәсіпорын «халал» стандартына сәйкес шұжық және ет деликатестерін өндіреді. Мұнда 80-нен астам қайнатылған және ысталған шұжық түрлерін шығарады. Зауыт аумағында инновациялық жабдықтары бар орау желісі және үш өндірістік цех жұмыс істейді. Былтыр қосымша желі іске қосылып, жылдық қуаттылығы 1,8 мың тонна дайын өнімге жетті. Кәсіпорында 120 адам еңбек етеді, алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр7

Биылғы мамыр айында Жаңасемей ауданының Шақаман ауылында ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды. Жоба Абай облысын 2027 жылға дейін дамытудың кешенді жоспарына енгізілген және ұлттық деңгейдегі басым жоба болып саналады. Кәсіпорын бір ауысымда 35 тонна ет өнімін өңдей алады. Мұнда ірі қара, қой және жылқы етін өңдеу арқылы сапалы шұжық, консерві, жартылай фабрикат және деликатес өнімдерін өндіру көзделген. Жоба толық өндірістік тізбекті қалыптастыруға және экологиялық талаптарды сақтауға бағытталған. Кешен іске қосылған соң 1000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өндірістік кешенді 2026 жылы тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.

Семей қаласының іргесіндегі «Агрофирма Приречное» ЖШС 1993 жылы құрылған. Шаруашылық мал және өсімдік шаруашылығын қатар дамытып келеді. Мұнда 110 адам жұмыс істейді. Жалпы егістік көлемі 6 793 гектар, оның ішінде 1 787 гектарға картоп, көкөніс және мал азығы дақылдары егілген. Өнімдер 14 мың тонна сыйымдылығы бар жеті қоймада сақталады. Шаруа қожалығы бірнеше жылдан бері облыстық тұрақтандыру қорын көкөніспен қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі уақытта көкөністестерді жинап, қоймаға тасу жұмыстары жүргізілуде. «Агрофирма Приречное» ЖШС бас директоры Мұхит Тұмабаевтың айтуынша, қоймаға 700 тонна сәбіз, 5 мың тонна картоп жеткізілген.

Министр облыс әкімімен бірге шаруашылықтың сарымсақ, сәбіз, қырыққабат өсіріліп жатқан алқаптарын, көкөніс сақтайтын қоймаларын аралап, 5 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылыс орнын көрді. Жалпы құны 4 млрд теңгені құрайтын жоба келесі жылы аяқталады.

Айдарбек Сапаров облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы бастамалар мен қолға алынған жобаларды жоғары бағалап, министрлік тарапынан мемлекеттік бағдарламалар аясында тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Абай облысының ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер министрмен кездесті
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруашылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты.

Абай облысы – ауыл шаруашылығын дамытуда зор әлеуетке ие өңір. Өңірде 11 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 221 млрд теңгеге жетіп, республика бойынша төртінші орынды иеленді. Нақты көлем индексі 102,9 пайызды құрады. Жалпы жиналатын егіс көлемі 782,1 мың гектар болса, оның 80 пайызы орылып, 265,2 мың тонна астық бастырылды. Сонымен қатар 96,6 мың тонна картоп пен 101,6 мың тонна көкөніс жиналды.

Аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығына инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Президент биылғы Жолдауында инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда жыл басынан ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 32 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 170%- ға жоғары. Осы бағытта 2030 жылға дейін облысымызда әзірленген өңірлік инвестициялық жобаларының картасына сәйкес 197,5 млрд теңге көлемінде 85 ірі агрожоба іске асырылады. Бүгінгі кездесуіміздің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру ғана емес, сонымен қатар, сіздерді толғандырып жүрген нақты мәселелерді бірге қарастыру, ашық диалог орнату», – деді облыс әкімі.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру, инвестиция тарту, өңдеу кәсіпорындарын дамыту және ет комбинаты құрылысының барысы сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға келген шаруашылық жетекшілері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, министрлік өкілдеріне ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Министр агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына қатысты нақты шараларға, мемлекеттік бағдарламаларға жан жақты тоқталды.

«Абай облысына арнайы келдім. Бүгін өңірдің шаруашылықтары жетекшілерімен, фермерлермен ашық, шынайы әңгіме болды. Біраз сұрақтарына жауап бердім. Мемлекеттік бағдарламалар, көрсетілетін жеңілдіктер туралы айттым. Шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау болады. Абай облысы – жаңадан құрылған өңір. Ауыл шаруашылық әлеуеті зор аймақ. Облыста ірі ет комбинаты салынайын деп жатыр. Ол үшін мал шаруашылығын жоғары деңгейде дамытуымыз керек. Кәсіпорынның құрылысын барып көремін. Министрлік тарапынан тиісті көмек көрсетіледі», – деді Айдарбек Сапаров.

Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы қаралды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев баяндады.

Биыл облыс бойынша егіс алқабы 782,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22 мың гектарға артты. Оның ішінде майлы дақылдар – 339,4 мың гектар, дәнді дақылдар – 296,5 мың гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бидай алқабы 11,9 мың гектарға азайып, майлы дақылдар көлемі 42,5 мың гектарға ұлғайды.

2025 жылғы 6 қазанға дейін 238,9 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналып, 265,2 мың тонна астық бастырылды. Сонымен қатар, 96,6 мың тонна картоп және 101,6 мың тонна көкөніс пен бақша өнімдері жиналды.

Жиналған өнімді сақтау үшін облыста 4 лицензияланған элеватор және жалпы сыйымдылығы 870,9 мың тонна болатын қоймалар жұмыс істейді. Жалпы, дәнді дақылдардың болжамды түсімі 332 мың тонна.

Күзгі егін жинау жұмыстарына 23,7 мың тонна дизель отыны бөлінген. Егін жинауға 4 мың трактор, 2,4 мың комбайн және 700 орақ тартылды. Биыл 394 жаңа техника сатып алынып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4,5 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 6,5 пайызға дейін жеткізу көзделуде. «Кең Дала» және «Кең Дала-2» бағдарламалары аясында облысқа 18 млрд теңге бөлінді.

«Приречное» агрофирмасының тәжірибесін ескере отырып, 2028 жылға дейін барлық аудан мен қала маңында кемінде 50 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясымен көкөніс және картоп егу жоспарлануда. Бұл жобалар «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қаржыландырылатын болады.

Аймақ басшысы жиында күзгі дала жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтауды, «Кең Дала» және «Кең Дала 2» бағдарламалары аясында бөлінген қаражатты мерзімінде игеруді, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мен түгендеу жоспарын тиімді орындауды тапсырды. Облыс әкімі өңірдің алдағы үш жылдық дамуында ет және сүт кластерін дамыту мен суармалы егіншілікті кеңейтуге басымдық берілетінін атап өтті.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы «Үлкен қалалардың жанында азық-түлік белдеуін қалыптастыру керек» деп үнемі айтады. Биылғы Жолдауында да агроөнеркәсіпті дамытуға ерекше тоқталды. Президент айтқандай, азық-түлік белдеуін қалыптастырып, тұрақтандыру қоры негізінде қаланы азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп отырған Семейдің іргесіндегі шаруашылықты, осындай кәсіпорындарды қолдауымыз қажет.Күн тәртібінде қаралып отырған мәселе облыс халқын алдағы қыс мезгілінде қажетті азық-түлікпен сапалы қамтамасыз ету бағытындағы басты шара» деді аймақ басшысы.

392 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар Ғабдуллиндер әулеті
Жаңасемей ауданында бірнеше ұрпаққа жалғасқан Ғабдуллиндер әулетінің жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 392 жыл. Әулеттің ұстаздық дәстүрін Қабдырахман Ғабдуллин мен Күләш Нұрбикенова бастаған.

Қабдырахман Ғабдуллин 1950 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдап, еңбек жолын Ұлан ауданындағы С.Аманжолов атындағы мектептен бастаған. Қайнар орта мектебінде 43 жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп, шәкірт тәрбиеледі. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің және «Әдіскер-мұғалім» атағының иегері.

Жары Күләш Нұрбикенова ұстаздық жолын Күршім ауданындағы Құмаш Нұрғалиев мектебінде бастап, 1959-1987 жылдары Қайнар орта мектебінде математика пәнінен сабақ беріп, кейін мектеп директоры қызметін атқарды. Педагогикалық еңбек өтілі – 40 жыл. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Ата-ана жолын жалғаған бес қыз да ұстаздықты таңдады. Айжан Ғабдуллина Абай ауданындағы Ж.Молдағалиев атындағы мектепте математика пәнінен 40 жыл сабақ беріп, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды. Гүлжан Ғабдуллина Алматы қаласындағы №145 мектепте 37 жыл математика пәнін оқытып, бірнеше жыл оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды, ал жолдасы Ғазиз Амангелді технология пәнінен 13 жыл еңбек етті.

Сәуле Ғабдуллина бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі – 22 жыл. Анар Ғабдуллина бастауыш сынып мұғалімі болып 30 жыл еңбек етті. Әулеттің келіні Торғай Советова С.Бегалин атындағы мектепте технология және физика пәнінен 36 жыл сабақ беріп, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі және ҚР Білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Ләззат Ғабдуллина Шәкәрім университеті КеАҚ, экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы, РһD философия докторы, еңбек өтілі – 30 жыл.

Екінші ұрпақ та ұстаздық дәстүрді жалғастырды. Лаура Әбішева – сызу, сурет, технология пәні мұғалімі, еңбек өтілі – 21 жыл. Жанар Әбішева – физика және информатика пәндері мұғалімі, еңбек өтілі – 20 жыл. Екеуі де Семей қаласындағы №45 мектепте сабақ береді. Елнұр Әбішев – информатика, робототехника, технология пәндері мұғалімі, 13 жыл еңбек етіп келеді. Жұбайы Сандуғаш Серікқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Екеуі де бірге Абай ауданындағы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте жұмыс істейді. Нұрболат Манатайұлы – дене тәрбиесі пәні мұғалімі, еңбек өтілі – 6 жыл, ал жұбайы Жадыра Иманақышева С.Бегалин атындағы мектепте 6 жылдан бері биология пәнінен дәріс береді. Мөлдір Мейрамғалиева қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен Ж.Молдағалиев атындағы мектепте қызмет етеді. Еңбек өтілі – 6 жыл. Еңлік Айтқалиева – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Шәкәрім университетінде жұмыс істейді. Еңбек өтілі – 3 жыл.

Шөбере ұрпақтар да ұстаздық мамандықты таңдады. Назерке Астана қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназияда мұғалім-дефектолог болып еңбек етсе, Іңкәр М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжді бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. Ал Ақнұр ағылшын тілі мұғалімі мамандығында білім алады.

Ғабдуллиндер әулеті – 1950 жылдан бастау алған ұстаздық дәстүрін үзбей жалғастырып, бірнеше ұрпақ бойы елге білім мен тәрбие беріп келе жатқан үлкен педагогикалық әулет.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзудың 16 000-нан астам фактісі анықталды
Мемлекеттік қызметтер халыққа күнделікті өмірді барынша жеңілдету және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қолдау мақсатында уақытылы әрі сапалы көрсетілуі тиіс.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы цифрландыру деңгейінің дамуын ескере отырып, Абай облысы бойынша Агенттіктің департаменті көрсетілетін қызметтердің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бақылау мен тиімділікті бағалаудың әртүрлі құралдарын белсенді пайдаланады. Бақылаудың негізгі әдістерінің бірі – қашықтан мониторинг, ол түрлі ақпараттық жүйелер арқылы жүргізіледі. Бұл құрал көрсетілетін қызметтерді беру рәсімдерінен ауытқулар мен бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді және қызмет алушының қатысуынсыз жедел әрекет етуге, қателіктерді түзетуге ықпал етеді.

2025 жылдың өткен кезеңіндегі тексерулер мен қашықтан мониторингтің нәтижелері бойынша 16 000-нан астам бұзушылық анықталды, оның ішінде 15 660-ы (шамамен 96%) қашықтан мониторинг жүргізу барысында белгілі болды. Бұл бақылаудың автоматтандырылу деңгейінің жоғары екенін және оның тиімділігін көрсетеді.

Ең көп бұзушылықтар білім беру саласында тіркелді – 14 653 факт. Әсіресе, Семей және Аягөз қалаларындағы жағдай өткір күйде қалып отыр.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында 668 бұзушылық анықталды, бұл да мемлекеттік қызметтердің сапасын түзетуді және жақсартуды қажет етті.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Департамент ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді. Атап айтқанда, лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының 2-бөлігі бойынша 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында жауапкершілікті арттыру мақсатында 14 қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департамент жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі – 32 қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру болды. Қалпына келтірілген құқықтардың ішінде жер пайдалану құқығын рәсімдеу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу сияқты маңызды шешімдер бар.

Аталған бағыттағы жұмыс Департамент тарапынан алдағы уақытта да қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, соның ішінде проактивті тәртіпте қалпына келтіруге баса назар аудара отырып, тұрақты негізде жалғастырылады.