Мәдениет – Semeinews.kz – главные новости города Семей, Казахстана и мира

Абай облысында әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті
Семейде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Мерекелік жиында бірқатар мамандар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы, «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі бар. Сондай-ақ «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» және «үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауының өңірлік кезең жеңімпаздары анықталып, естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

Абай облысының үш педагогі республикалық «Үздік педагог – 2025» атағын иеленді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық «Үздік педагог – 2025» конкурсының қорытындысы жарияланды. Биылғы байқауда Абай облысынан үш педагог ел деңгейінде үздік атанды.

Олардың қатарында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының тарих пәні мұғалімі Гүлмира Жұмабекова, Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Наталья Елюбаева және Электротехникалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Шыңғыс Шынарбек бар.

Республика күні қарсаңында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісін, сондай-ақ 1000 АЕК мөлшеріндегі сыйақыны табыстады.

Биыл «Үздік педагог» конкурсына Абай облысы бойынша 56 педагог қатысып, оның 19-ы облыстық кезеңде бақ сынады. Соның ішінде 9 педагог 80 пайыздан жоғары нәтиже көрсетіп, облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанды. Ал үш педагог республика көлемінде үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл жетістік – Абай облысы ұстаздарының кәсіби біліктілігі мен білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі еңбегінің айқын көрінісі.

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» мерекелік кеші өтті
Қалалық Мәдениет сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» мерекелік кеші өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

Шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылып, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» тақырыбында өтті. Кеш «Адам болам десеңіз…» әлеуметтік көрінісімен ашылды.

Басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің маңызды рөлін мойындау және олардың қолдау көрсету мен әлеуметтік ортаға бейімдеуге қосқан үлесін насихаттау.

Сахнада қаламыздағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары мен қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды. Олар ән айтып, би билеп, жүрек тебірентер көріністер көрсетті. Концерт барысында қатысушылар шығармашылығын шыңдап, өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Сыдықбаевтар әулеті «Мерейлі отбасы – 2025» байқауында жеңімпаздар қатарынан көрінді
Астанада Республика күні қарсаңында өткен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде еліміздің әр өңірінен келген 20 үлгілі отбасы құрметке ие болды. Іс-шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және қоғам қайраткерлері қатысты.

Биыл байқауға республика бойынша 3434 өтінім түсіп, өңірлік кезең жеңімпаздары арасынан 20 үздік отбасы анықталды. Оларға естелік мүсінше, диплом және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды.

Абай облысының намысын Сыдықбаевтар әулеті қорғап, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Отағасы Оңғар ата мен жұбайы Тілеуғайша Қасымжанқызы сегіз бала тәрбиелеп өсірген, бүгінде олар 16 немере мен 7 шөберенің ата-әжесі.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – рухани және отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын нығайту мақсатында 2014 жылы бастау алған бірегей жоба. Осы жылдар ішінде байқауға 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы қатысты.

«Алаш арманы» — ұлт рухын ұлықтаған кеш
Республика күніне орай ұлт рухын дәріптеу, Алаш арыстарының мұрасын насихаттау мақсатында Семей қаласында «Алаш арманы» атты танымдық әдеби-музыкалық лекция-концерт өтті.

Іс-шара барысында көрермендерге Алаш қозғалысының тарихы, идеялық мұраттары және оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызы жөнінде тағылымды ойлар ұсынылды.

Сонымен қатар, кеш бағдарламасында Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегіне арналған поэтикалық оқылымдар мен музыкалық композициялар орындалып, көрермендердің рухын көтерді.

Кешке зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері және қала тұрғындары қатысып, ата-баба аманаты – тәуелсіздіктің қадірін тағы бір мәрте сезінді.

Абай облысында «JUNIORSKILLS – ABAI 2025» чемпионаты өз мәресіне жетті
Абай облысында бастауыш сынып оқушыларына арналған алғашқы «JuniorSkills – Abai 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты аяқталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған дода Ақсуат колледжі базасында өтті.

Чемпионатқа ауданның 12 мектебінен 1–4 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, аспаздық ісі, сән технологиясы және ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу слесарі құзыреттіліктері бойынша өз шеберліктерін сынады.

Шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп, бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру және болашақ мамандықтарға ерте қызығушылығын қалыптастыруды мақсат етті.

Екі күнге созылған чемпионат барысында қатысушылар тағам әзірлеу, сәндік бұйымдар жасау, техникалық бөлшектерді жөндеу сияқты тәжірибелік тапсырмаларды орындап, өз өнерлерін көрсетті.

Нәтижесінде үздік командалар анықталды:

І орын — Қожагелді батыр атындағы орта мектеп

ІІ орын — М. Әуезов атындағы орта мектеп

ІІІ орын — Қ. Нұрбаев атындағы орта мектеп

Алдағы уақытта «JuniorSkills» чемпионаты облыстың өзге де колледждері базасында өткізіліп, дәстүрлі түрде жалғасады.

Шымкентте «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» спектаклі сахналанды
Облыс әкімі Берік Уәли бастаған жүзден астам адамнан құралған өңір делегациясы бүгін Шымкент қаласына келді. Делегация құрамында Парламент Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, Абай атындағы драма театр ұжымы бар.

Абай облысының Шымкент қаласындағы мәдениет күндері Абай саябағындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өңірдің мәдениет күндері аясында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында көрермендерге өзінің үздік туындысын ұсынды. Абай театры бір ай бұрын Талдықорған қаласында өткен «БИКЕН FEST», Бикен Римова атындағы III халықаралық театр фестивалінде «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» спектаклімен бас жүлдені иеленген болатын.

Көркемдік деңгейі жоғары бұл қойылым Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов және Мағауия Абайұлының әдеби мұраларына негізделе отырып сахналанды. Ұлттық театр өнеріндегі ерекше із қалдырған туынды көрермен жүрегіне жол тауып, сыншылар тарапынан жоғары бағасын алды. Спектакльдің режиссері — Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» Жұлдызбек Жұманбай. Ол қойылымда заманауи режиссура мен дәстүрлі сахналық тәсілдерді шебер ұштастыра отырып, ұлттық рух пен тарихи болмысты терең жеткізе білді.

Басты кейіпкерлерді сомдаған талантты әртістер: Еңлік рөлінде – Еркеназ Қуанышқызы, Кебек рөлінде – Расул Семейғазы, баяндаушы – Азамат Нұрғамыс. Ұлтымыздың тарихында ерекше орны бар Еңлік – Кебек тағдыры арқылы елдік, бірлік, адамгершілік, махаббат секілді мәңгілік құндылықтар көркем бейнеде көрініс тапты.

«Шымкент – еліміздің ежелгі мәдени орталықтарының бірі. Бүгінде жайнаған алып шаһар еліміздің оңтүстік қақпасы, даму перспективасы мол мегаполиске айналды. Әсіресе, соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан айырықша түрлене түсті. Шымкент қаласы мен Абай облысы арасындағы өзара ынтымақтастық пен байланыс қарқынды дамып келеді. Бұған дейін Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы драма театры арнайы шығармашылық сапармен өңірімізге келіп, қалың көрерменнің қошаметіне бөленген болатын. Бүгін міне біздің Абай атындағы театр ұжымы «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» спектаклін шымкенттік көрермендерге ұсынды. Алдағы уақытта өңіраралық байланыстарды нығайтып, жалғастыра береміз», – деді аймақ басшысы.

Абай облысының колледж оқытушысы ЖИ саласында жаңа мамандықтар ұсынды
Астана қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен республикалық «Mugalim Talks» алаңы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам ұстаз, ғалым және студент қатысты. Биылғы кездесудің басты тақырыбы жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру және мұғалімнің рөлі болды.

Кездесу барысында спикерлер өз тәжірибелерін бөлісіп, білім мен технологияның жаңа бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Абай облысының атынан Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі директорының орынбасары Асхат Мұханов қатысып, «Жасанды интеллект және оның білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.

Асхат Мұханов жасанды интеллектіні мұғалімнің сенімді серіктесі ретінде қарастырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ЖИ технологияларын тиімді пайдалану оқу процесін жетілдіріп, академиялық адалдықты нығайтуға және студенттердің сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ол білім беру саласында жасанды интеллектіні енгізу және дамыту жөнінде бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, әр оқу орнында ЖИ қолданудың ашық әрі этикалық ережелерін бекіту, оқушылар мен студенттерге арналған «AI сауаттылығы» пәнін енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде «AI-бағдарламашы» жаңа мамандық ашу арқылы елдің кадрлық әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қолданбалы бакалаврдың мәртебесін айқындау мәселесін көтерді.

“Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітап көздерінде” атты танымдық сағат өтті
Бүгін Абай кітапханасында Бизнес және сервис колледжінің студенттері үшін Республика күніне орай «Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітап көздерінде» атты танымдық сағат өтті. Студенттерге бұл мерекенің тарихы, оның пайда болу көздері, Қазақстанның егемендігін жариялаған Декларация және мемлекеттің тәуелсіздік негіздері туралы мағлұмат берілді.

Іс-шара барысында Қазақстан халқының өмірімен тығыз байланысты салт-дәстүрлердің тарихына ерекше назар аударылды. Көрнекі материал ретінде қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы бейнематериал және «Домбыра туралы аңыз» атты мультфильм ұсынылды.

Сондай-ақ, студенттерге кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылып, олар кітапхананың тарихымен және бөлімдерімен танысты.

Абай облысында І облыстық «Сөз дода» байқауы өтті
«Ділмар» шешендік сайысы жобасы аясында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Ақтамберді жыраудың 350 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы шеңберінде І облыстық «Сөз дода» шешендік өнер байқауы өтті.

Шараның мақсаты жас ұрпаққа сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерте отырып, Ақтамберді жырау мен Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұраларын кең көлемде насихаттау болып табылады.

Байқауға Абай облысының қалалары мен аудандарындағы іріктеу кезеңінен өткен 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер «Дода», «Кесімді сөз», «Сұрақ-жауап», «Ой-таразы» сынды 4 кезең бойынша сынға түсіп, сөз шеберліктерін тантты.

блыстық байқау басқарма басшысының орынбасары О.А. Соғымбайдың құттықтау сөзімен ашылып, жас шешендердің байқауына ұласты.

Білім мен ақыл-парасат сынға түскен сайыста қазылар алқасының шешімімен:

І орынды К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Айдынқызы Ұлпан (жүлде қоры 100 000 теңге);

ІІ орынды Үржар ауданының Көлденең орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Омар Сезім (жүлде қоры 80 000 теңге);

ІІІ орынды Жарма ауданының Бірлік орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Қанат Қадиша (жүлде қоры 50 000 теңге) иеленсе. Мақаншы ауданының Науалы орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Мұхаметкәрім Нұрасыл байқаудың арнайы жүлдесімен (жүлде қоры 40 000 теңге) марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушылар басқарма басшысының дипломдарымен, алғысхаттарымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.