Экономика – Semeinews.kz – главные новости города Семей, Казахстана и мира

Семей қаласында 40-тан астам аулаға асфальт төселді
Бүгін Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қаладағы аула жолдарына асфальт төсеу жұмыстарымен танысты.

Биыл Семей қаласында 40-тан астам аула жолдарына жаңа асфальт жабындысы төселді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту – басты мақсатымыз. Аулалар мен көшелердің жағдайын ретке келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады», – деді қала әкімі Әділет Қожанбаев.

Айта кетейік, аула жолдарын жөндеумен қатар, Семейде 35 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте балалар ойын алаңдарын орнату, көгалдандыру қарастырылған.

Семейде көпқабатты 18 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр
Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 9 қабатты 18 тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылуда. Қала әкімі Әділет Қожанбаев құрылыс барысымен танысты.

Қазіргі уақытта «Отбасы банк» АҚ арқылы қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғындарға жеңілдетілген шарттармен баспана алу мүмкіндігін береді.

Жалпы 18 тұрғын үйде 1056 пәтер қарастырылған.

«Семей қаласында бүгінде 14 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Сол себепті тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл жоба мыңдаған отбасының өз баспанасына қол жеткізуіне мүмкіндік бермек», – деді Әділет Қожанбаев.

Қала басшысы мердігерлерге құрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтау туралы нақты тапсырма берді.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті.

Сессияға облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, басқарма басшылары қатысты. Сессия барысында облыс аумағында тіркелген азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, соның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы шешімге өзгерістер енгізу, 2025-2030 жылдарға арналған Абай облысының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын бекіту, облыс бойынша тексеру комиссиясының ережесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау мәселелері қаралды.

Жиын барысында депутаттар тарапынан денсаулық сақтау, жол инфрақұрылымы, көлік қатынасына байланысты депутаттық сауалдар жолданды.

Сессия соңында сөз алған аймақ басшысы күнтәртібінде талқыланған мәселелердің өңіріміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар екенін атап өтті.

«Азаматтарымызға амбулаториялық емдеу кезінде қосымша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тегін беру – бұл әлеуметтік әділеттіліктің және мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі. Денсаулық сақтау басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды тиімді әрі ашық ұйымдастыруы қажет. Сондай-ақ, 2025-2030 жылдарға арналған жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы – облыстың инфрақұрылымдық әлеуетін арттырудағы маңызды құжат. Тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл бағытта аудан, қала әкімдері нақты жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуі керек», – деді облыс әкімі.

Абай облысында 150 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы, облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы кадр тұрақтылығының жай-күйі және оқушыларды тамақтандыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, ал аудан және қала әкімдері бейнережимде қатысты.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жөнінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсенов пен Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Алмас Тоқсанбаев баяндады.

Облыста пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2025 жылға жоспарланған 170 мың гектар жердің 151 мың гектардан астамы қайтарылған. Жалпы облыс бойынша 423 жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті. Оның 129,8 мың гектары жайылым, 13,4 мың гектары егістік және 8,7 мың гектары өзге мақсаттағы жерлер.

Президент тапсырмасына сәйкес 2026 жылдың ортасына дейін мемлекет меншігіне қайтарылған барлық жерлер толық айналымға енгізілуі тиіс. Облыс бойынша бүгінде 587,3 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Жер ресурстарын басқару комитетінің облыстық департаментіне жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардан 216 жер пайдаланушыға тиесілі, жалпы ауданы 447,4 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерлер туралы материалдар келіп түскен. Биыл департамент 44 тексеру жүргізіп, 43,4 мың гектар аумақта 61 заң бұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде жер заңнамасын бұзған 56 тұлғаға әкімшілік ескерту беріліп, 34 нұсқама негізінде қосымша салық салу жұмысы жүргізілді.

Аймақ басшысы жиында аудан әкімдеріне пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жұмысты жандандырып, жылдық жоспарды толық орындап, жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарларын белгіленген мерзімде әзірлеп, бекітуді тапсырды. Облыстық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2026 жылдың 1-ші шілдесіне дейін 481,5 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізуді міндеттеді.

Абай облысында 17 базалық және 10 қосымша жоба жүзеге асырылады
Семей қаласында «Ақылды қала» бағдарламасын іске асыру аясында 27 жоба жүзеге асырылуда, олардың 7-і толық аяқталды, ал 20-сы жоспарлы түрде орындалу үстінде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады.

“Іске асырылған жобалар қатарында бағдарламалау мектептерінің жұмысы, «109» бірыңғай байланыс орталығының қызметі, «Мектеп асханасы», тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді автоматтандыру, аймақтық геоақпараттық жүйе және білім беру нысандарындағы қауіпсіздік жүйесін күшейту бастамалары бар. Аталған жобалар өңірдің цифрлық инфрақұрылымын жетілдіруге, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Әсіресе «109» байланыс қызметі мен Iqala жүйесі арқылы халықтың өтініштерін қабылдау және коммуналдық қызметтерді онлайн бақылау тетіктері тиімді жұмыс істеуде,”  – деп атап өтті басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, алдағы кезеңде облыстың цифрлық күн тәртібі денсаулық сақтау, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, мәдениет және спорт салаларындағы «ақылды» шешімдерді енгізуге бағытталады.

“2025 жылдың соңына дейін «Виртуалды дәрігер», «Бірыңғай есептеу орталығы», «My Semey» мобильді қосымшасы және «Белсенді азамат» сияқты жобаларды толық іске қосу көзделіп отыр. 2026–2027 жылдары іске асырылатын жобалар қатарында қаладағы жол қозғалысын басқару жүйесі, ахуалдық орталық, Семей қаласының цифрлық көшірмесі, сондай-ақ туризм мен спортты цифрландыруға бағытталған бастамалар бар,” – деді Абзал Серікұлы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес, Абай облысының 2026–2030 жылдарға арналған цифрлық трансформация стратегиясы әзірленуде. Бұл стратегия өңірді деректерге негізделген басқару моделіне көшіруді, жасанды интеллект пен «Smart City» шешімдерін енгізуді, интернет инфрақұрылымын кеңейтуді және цифрлық экономиканы дамытуды көздейді.

Абай облысында биылғы 9 айда 364,1 млрд.теңге инвестиция тартылды
Облыс әкімі Берік Уәли Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

Биылғы есепті кезеңде облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 1,4 трлн.теңгеге жетті. Нақты көлем индексі 104 пайыздан асып, ұлттық даму жоспарына сәйкес жоспар 103,6 пайызға орындалды.

Осы жылдың 9 айында көлік саласында 123,5%, байланыста 106,4%, ішкі саудада 105,9%, ауыл шаруашылығында 102,8%, өңдеу өнеркәсібінде 101,3% өсім қамтамасыз етілді.

9 айда 364,1 млрд.теңге инвестиция тартылды. Нақты көлем индексі – 103,1%. Облыс экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін кешенді жоспар жасалып, нәтижелі жүзеге асырылып жатыр.

Үкімет міндеттеген инвестиция көлемін ұлғайту тапсырмасын орындау үшін облыс тұрақты түрде инвестиция тарту жұмысын атқарып келеді. Тоғыз ай ішінде 85 шетелдік инвестормен келіссөз жүргізілді. Жыл басынан бері жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың саны 29-дан 97-ға дейін өсіп, инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,2 трлн теңгеге ұлғайды.

Сондай-ақ облыс делегациясы Қытай Халық Республикасында өткен «Үлкен Алтай» халықаралық субөңірлік ынтымақтастық конференциясына қатысып, 20-дан астам іскерлік кездесу өткізді. Жалпы құны 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 меморандумға қол қойылды.

Бұл көрсеткіштер өңірдегі инвестициялық белсенділіктің оң қарқынын көрсетеді. Жыл қорытындысында барлық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етіледі.

«Қазіргі уақытта облыс аумағында шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 713,7 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың аясында 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Дегенмен, әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерін, оның ішінде жеке инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беруді тұрақтандыру үшін ең бірінші инфрақұрылымдық проблемаларды шешуіміз керек. Бөлінген қаражат шеңберінде кезең-кезеңімен басым бағытты жұмыстар жүргізілуде», – деді облыс әкімі.

Абай облысында тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру мәселесі қаралды
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспардың орындалуы қаралды. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов баяндады.

2025 жылға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 348,7 мың шаршы метрді құрайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 1146 пәтер сатып алу жоспарланған.

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 18 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда. Биыл 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қарағайлы ықшам ауданында бой көтеретін 29 несиелік тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған. Семей қаласы әкімдігі инженерлік желілерін тарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде.

Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасары Серік Төленбергенов пен Құрылыс басқармасының басшысына аудан және қала әкімдерімен бірлесіп, құрылыс жұмыстарының кестеге сай орындалуын күнделікті бақылап отыруды тапсырды.

Облыс әкімі «ArInvest Semey» кәсіпорнында болды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы 2024 жылы құрылған, жылу желілеріне арналған арнайы оқшауланған құбырлар шығаратын «ArInvest Semey» ЖШС-інде болды. Мұндай құбырлар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу жеткізетін жүйелерде қолданылады. Олар энергияны үнемдеп, жылудың жоғалуын азайтуға мүмкіндік береді. Өндіріс қуаттылығы – түрлі диаметрдегі 350 мың метр құбыр және 15 мыңдай қосалқы бөлшек шығару. Қазір мұнда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіпорында полиуретан көбігі қабатымен қапталған болат құбырлар мен түрлі фасондық бұйымдар, үштік тармақтар және өтпелер өндіріледі. Бұл өнімдер жер үсті және жер асты жылу желілерін тарту кезінде қолданылады.

Аймақ басшысы өндіріс процесімен танысып, кәсіпорынның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Зауыт өкілдері өнімдерін өткізу жағынан көмек көрсетуді сұрады.

«Кәсіпорын қала ішінде, логистикалық тұрғыда қолайлы жерде орналасқан. Семей қаласындағы құбырларды жаңғырту кезінде осында жасалған құбырларды пайдаланып, өзімізде өндірілген өнімге қолдау білдіруіміз керек. Кәсіпкерлік басқармасына осы бағытта жұмыс істеуді тапсырамын» деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Аягөз қаласындағы қазандықтардың жылу маусымына дайындығын тексерді
Аймақ басшысы аудан орталығындағы «Орталық» қазандығында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жылу қазандығы қаладағы 64 көп қабатты тұрғын үйді, 2 әлеуметтік нысанды, 5 бюджеттік ұйым мен 183 коммерциялық кәсіпорынды жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы абоненттер саны – 1678.

Биыл Аягөз қаласындағы ең үлкен жылу беру нысанындағы үш негізгі агрегатты жаңартып, қуаттылығын ұлғайтуға көңіл бөлінді. №3 қазандықтағы күрделі жөндеу толық аяқталды. 22 қыркүйектен бастап іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда осы қазандық арқылы қала тұрғындарына жылу беріле бастады. №2 қазандықтағы жөндеу жұмыстары 90% орындалды. Іске қосу, реттеу жұмыстары 15 қазанға жоспарланған.

Жөндеу барысында үш негізгі қазандықтың агрегаты ауыстырылып, автоматика және қауіпсіздік жүйелері жаңартылып жатыр. Сонымен қатар қазандықтарға мониторинг және бақылау жүйелері орнатылатын болады. Жаңартудан кейін қазандықтың қуаты бұрынғыға қарағанда үш есеге артады. Бұл қосымша тұрғын үйлерді және жаңа бизнес нысандарын орталық жылу жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Берік Уәли жылу қазандығын аралап, атқарылған жұмыстарды көрді.

«Мұндай қуаттылықтағы қазандықтар Аягөзде бұрын болмаған. «Орталық» қазандығының қуаттылығы үш есеге арттырылды. Жөндеу жұмысына Семейден арнайы мамандар келді. Ескілерінің орнына жаңа қазандықтар қойып жатырмыз. Үш қазандықтың біреуі негізгі, қалған екеуі қосалқы. Биыл Үкімет сұранысымызды қанағаттандырып, қажетті қаражатты бөлді. Бүгін Аягөз қаласына арнайы келіп отырмын. Қазір атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны жақсы екен. Қосалқы қазандықтардағы жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Аягөз қаласындағы жылу желілерінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын да көрді. Жоба аясында тозығы жеткен қалаішілік жылу трассаларының 5,2 шақырымын ауыстыру жоспарланып отыр.

Қарағайлы шағын ауданында жаңа саябақ құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр
Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс алаңына барды.

Қазіргі уақытта саябақтағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мердігерлер нысанды осы айда толық аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ аумақты көгалдандыру аясында 1000-ға жуық қарағай мен шырша көшеттерін отырғызу көзделген. Бүгінде жартысынан астамы егілген.

Аймақ басшысы саябақтағы құрылыс жұмыстарын көріп, аралап шыққан соң ағаш көшеттерін отырғызу шарасына қатысты.

«Қарағайлы ықшам ауданындағы саябақ құрылысы екі ай бұрын басталды. Қазір жұмыс қарқыны жаман емес, мердігерлер екі аптада аяқтаймыз деп отыр. Бұл жер Қарағайлы ықшам ауданы тұрғындары үшін әдемі демалыс орнына айналмақ. Сондай-ақ салтанатты шаралар мен ауқымды жәрмеңкелер өткізуге де ыңғайлы болады. Мұнда сахна орнатылады, ағаштар егіледі, аумағы да өте кең. Ең бастысы – құрылысты асықпай, сапалы аяқтап, халыққа қолайлы жағдай жасау қажет», – деді облыс әкімі.