Мәдениет

«Тарих тартуы – Тәуелсіздік»: қалалық квиз сайысы

«Тарих тартуы – Тәуелсіздік»: қалалық квиз сайысы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының қолдауымен «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ұйымдастырған «Тарих тартуы – Тәуелсіздік» атты қалалық квиз сайысы өтті.

Бұл сайысқа қаладағы түрлі мекемелер мен ұйымдардың жас мамандары мен студенттері қатысып, өздерінің тарихи білімін, ой-өрісін және тапқырлығын сынға салды. Жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, елдік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл шарада қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік тарихы, Алаш қозғалысы, ұлттық мәдениет пен әдебиет тақырыптарында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының «АК-74» командасы белсенділік танытып, зерделі білімдері мен тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.