Спорт

Ирина Казюлина Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ирина Казюлина Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды

Алматы қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа қатысқан Абай облысының спортшысы Казюлина Ирина 68 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Бұл жетістік Абай облысы спортшыларының кәсіби дайындығы мен өңірде күрес спортының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды.