Семейде өткен бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатында қос Абай облысының спортшысы топ жарды

2025 жылғы қазан айында Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Бұл байрақты бәсекеде Абай облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, Жақпеков Ерасыл 80 кг салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, І орын иеленді. Ал Молдашев Дәулет 60 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, ІІІ орын алды.
Айта кету керек, бұл нәтижелер – Абай облысы боксының дамып келе жатқаны мен спортшылардың жанқиярлық еңбегінің жемісі.