Спорт

Септеген Мансұр – Әлем чемпионы

Септеген Мансұр – Әлем чемпионы

2025 жылғы 17-19 қазан күндері Сербияның Нови-Сад қаласында өткен Senior Amateur MMA World Championships жарысында Абай облысының намысын қорғаған Септеген Мансұр ел намысын абыроймен қорғап, әлем чемпионы атанды.

Септеген Мансұр бұл беделді турнирде үш жекпе-жек өткізді.

Алғашқы айналымда Франциядан келген қарсыласын айқын басымдықпен жеңсе, екінші кезеңде Иран спортшысынан басым түсті. Ал шешуші финалдық кездесуде Ресейлік қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізіп, алтын медаль иегері атанды.