Спорт

Абай облысының 13 жастағы оқушысы қамшының 15 түрін өреді

Абай облысының 13 жастағы оқушысы қамшының 15 түрін өреді

Абай облысы Аягөз ауданындағы №5 мектептің 7-сынып оқушысы Әлихан Салихан ұлттық қолөнерге ерекше қызығушылық танытып, қамшы өрудің 15 түрін меңгерген.

Қатарластары гаджетке үңіліп отырған заманда Әлихан ата-баба мұрасын жаңғыртып, қамшы өрудің күрделі техникасын өз бетімен үйренген. Бүгінде ол дойыр, өрме, сегіз өрім, тобылғы сапты, шынжыр баулы, алақанды және сәндік қамшы түрлерін жасай алады.

— «Қамшы — жай ғана бұйым емес, бұл — тарих, тәрбие және рух. Әр өрімді жасаған сайын ата-бабаларымыздың өмір салтын, батырлық болмысын көз алдыма елестетемін», — дейді жас шебер.

Әлихан бұл өнерге бала күнінен әкесінің ісіне қызығып бет бұрған. Қазір ол тек қамшы өрумен шектелмей, оның шығу тарихы мен аймақтық ерекшеліктерін зерттеп, дәстүрлі тәсілдерді қазіргі заманға бейімдеп қайта жасайды.

— «Мақсатым – қамшы өру өнерін меңгеріп қана қоймай, өз тәжірибем арқылы замандастарыма үлгі болу, ұлттық мұраға құрмет пен қызығушылықты арттыру», — дейді Әлихан.

Жетекшісі – Мұхит Бұршақбаев.