Мәдениет

“Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітап көздерінде” атты танымдық сағат өтті

“Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітап көздерінде” атты танымдық сағат өтті

Бүгін Абай кітапханасында Бизнес және сервис колледжінің студенттері үшін Республика күніне орай «Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітап көздерінде» атты танымдық сағат өтті. Студенттерге бұл мерекенің тарихы, оның пайда болу көздері, Қазақстанның егемендігін жариялаған Декларация және мемлекеттің тәуелсіздік негіздері туралы мағлұмат берілді.

Іс-шара барысында Қазақстан халқының өмірімен тығыз байланысты салт-дәстүрлердің тарихына ерекше назар аударылды. Көрнекі материал ретінде қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы бейнематериал және «Домбыра туралы аңыз» атты мультфильм ұсынылды.

Сондай-ақ, студенттерге кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылып, олар кітапхананың тарихымен және бөлімдерімен танысты.