Абай еліне «Шымнан шуақ» гастрольдік сапарымен шымкенттік өнерпаздар келді

Семей жұртшылығы сахна сәніне айналған жаңа туындылардың куәсі болды. Қазан айының 1–2 күндері Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының өнерпаздары Абай елінде өнер көрсетіп, «Желсіз түнде жарық ай», «Есте сақта балақай», «Тастамашы ана» қойылымдарын көрермен назарына ұсынды.
Бұл іс-шара Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Ж. Шанин атындағы академиялық драма театры ұжымының «Шымнан шуақ» атты гастрольдік сапарының аясында өтті.
Залға жиналған көрермен жақсы әсер алғандарын айтып, ыстық ықыластарын білдірді. Театр ұжымы Семейден кейін Павлодар мен Екібастұз қалаларында өнер көрсетіп, гастрольдік сапарын Астана қаласында қорытындылайды.
Шара соңында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан облыс әкімінің атынан құттықтау хатын оқып, театр ұжымына ықылас гүлін табыстады.