Қазақстан жаңалықтары

Жол көлігі және автомобиль жолдары қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Жол көлігі және автомобиль жолдары қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Қала күніне орай Семейде жол-көлік ұйымдары мен автомобиль жолдары саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында 60-тан астам қызметкер қала әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қызметкерлер – күн сайынғы қажырлы еңбегімен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етсе, ардагерлер – өз өмірін осы салаға арнап, өнегелі еңбек жолымен үлгі көрсеткен жандар.

Бұл марапат – маңдай тер еңбектерінің, жылдар бойғы адал қызметтерінің лайықты бағасы.