Спорт

Абай облысының спортшысы пауэрлифтингтен 13 дүркін абсолютті Қазақстан чемпионы атанды

Абай облысының спортшысы  пауэрлифтингтен 13 дүркін абсолютті Қазақстан чемпионы атанды

Семей қаласында өтіп жатқан пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында Абай облысының атынан сынға түскен Яков Ионин классикалық пауэрлифтинг бойынша (ерлер арасында, 74 кг салмақ дәрежесінде) керемет нәтиже көрсетіп, бес бірдей алтын медаль жеңіп алды.

Яков Ионин төмендегі жаттығулар бойынша топ жарып, бірінші орын иеленді: отырып көтеру–
-жатып көтеру
-тік тарту
-көпсайыс бойынша жиынтық нәтиже
-абсолюттік есеп бойынша жеңімпаз   (барлық салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасындағы үздік нәтиже).

Осылайша, Яков Ионин Қазақстан Республикасының 13 дүркін абсолютті чемпионы атанды.