Экономика

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бесқарағай ауданында 3 Мәдениет үйі мен 11 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Медициналық мекемелердің құрылысы толық аяқталып, құжаттандыру рәсімдері атқарылып жатыр. Жақын уақытта нысандар пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзу бассейнінің құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта жұмыстың 45 пайызы орындалған, нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бүгінде ауданда 6 спорт секциясы жұмыс істейді, 7500-ден астам тұрғын тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуда. Жаңа жүзу бассейні бұқаралық спорттың дамуына, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына айтарлықтай серпін бермек