Семей жаңалықтары

Семей шаһары одан әрі әрлене түсті

Семей шаһары одан әрі әрлене түсті

Бүгінде Семей қаласында ерекше сән беретін тақырыптық безендірулер мен көркем архитектуралық пішіндер орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жасалған ауқымды көркемдік жоба.

Ең басты ерекшелігі – нысандар мерейтой аяқталғаннан кейін де қала келбетінің ажарын ашып, тұрғындар мен қонақтардың көз қуанышына айналады. Мұндай формалар қалада алғаш рет дәл кіреберіс аумақтардан бастап орнатылуда. Және барлық архитектуралық пішіндер түнде жарқырап, қала сәніне әр беруде.

Сонымен қатар, маңызды көше бойларындағы жарық бағаналарына жарықтандырылған light box-тар орнатылып, қаланың түнгі көрінісін ерекше жандандыруда.