Абай облысының жас таланттары “HARIRA-2025” халықаралық фестивалінде Гран-при иеленді

2025 жылғы 3–4 шілде күндері Грузияның Батуми қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерлі жастарды біріктірген “HARIRA-2025” халықаралық фестивалі өтті. Бұл ауқымды мәдени шарада Қазақстанның намысын Абай облысындағы “TAMASHA” балалар шығармашылық орталығы абыроймен қорғады.
Фестивальдің алғашқы күнінде жас өнерпаздар төрт жеке вокалдық және бір домбырамен орындалған аспаптық туындыдан тұратын мазмұнды концерттік бағдарламаларын ұсынды. Әрбір нөмірде қазақтың ұлттық өнерінің байлығы мен өзіндік ерекшелігі көркем жеткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың жоғары орындаушылық шеберлігі келесі марапаттармен атап өтілді:
• Жеңісқызы Айару — 1 орын
• Бесенғали Диана — 1 орын
• Манарбек Іңкәр — 1 орын
• Нұрхатқызы Мадина — 1 орын
• Манарбек Мунира — Гран-при.
Көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына ие болған — “TAMASHA Сұңқар” ансамблінің бірлескен өнер көрсетуі. Оның құрамында:
• домбырашылар: Аман Сырым, Серіков Әділ, Мұрат Лимара, Марат Ернұр, Даниярұлы Алдияр
• қобызшылар: Манарбек Мәди, Қаиыртай Алуа, Шаймардан Ақзере
• жетіген орындаушысы: Манарбек Іңкәр болды.
Сонымен қатар, көркемдігімен көз тартқан “TAMASHA” би ансамблі құрамында 8 талантты биші өнер көрсетті:
Манарбек Мунира, Жеңісқызы Айару, Сергей Медина, Сержан Балнұр, Айтмуратова Еркежан, Кәдір Айым, Амантай Ақнұр, Советқали Айгерім.
Бағдарламаның шарықтау шегі — қазақтың дәстүрлі көзқарастары арқылы әйел затының ғұмырлық философиясын баяндайтын авторлық көркем-музыкалық қойылым “Қыз ғұмыры” болды. Қойылымда танымал күйлердің орындалуы оның әсерін одан әрі күшейтіп, терең рухани мағына берді.
Қазылар алқасы 10 минутқа созылған бұл сахналық композицияны жоғары бағалап, Гран-при жүлдесін табыстады.